Енді Павлодарда жылына 500-ге дейін әртүрлі модификациядағы пилотсыз ұшатын аппаратар шығарылады. Жергілікті кәсіпкер елдегі ең ірі профильдік кәсіпорын құруды мақсат етіп отыр. Өндіріс жоспарымен өңір басшысы танысты.

Қазір компанияның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, әскери, құтқару қызметтері мен полицияның қажеттіліктеріне арналған пикаптарды жабдықтау және техникалық жетілдіру көздеп отыр. Ал сәуір айынан бастап мекеме дрон жасамақ.

Ержан Әуезов, кәсіпорын басшысы

Былтыр жыл соңында ресми делегациямен Кореяға барып, Павлодарда дрон өндірісін ұйымдастыру туралы келісімге қол қойдық. Сәуірде сериялы өндірісті бастаймыз. Бұл еліміздегі ірі өндірістердің бірі болмақ. Қазір кәсіпорында кезең-кезеңімен локализация жүргізілуде. Алдымен корпус, электроника шығарылады, соңында өз бағдарламаны жасақтамамыз.

Бастапқы кезеңде «AIBAR», «KERME», «SAMGAU» және «QYRAN» атты төрт дрон үлгісі шығарылады. Олардың ұшу қашықтығы – 50 шақырымға дейін. Өндірістік қуат аптасына 500 оқу-дронын және айына 40 ірі пилотсыз ұшатын құрылғы өндірмек. Дрондарды жинау мен дайындауды корей әріптестерінен оқыған жас мамандар атқарады.

Иван Доронин, авиациялық техник

Бізге дрондарды жинауды және ұшыруды үйретті. Оның ішінде ұшақ түріндегі аппаратар, квадрокоптерлер мен гексакоптерлер бар. Мен оператор ретінде барлық типтегі дрондарды басқардым. Әрине, жинауға қатыстым, бірақ негізгі жұмысым – оператор.

Болашақта мамандарды даярлау тікелей кәсіпорын базасында жүргізілетін болады. Өңір басшысының айтуынша, құтқару қызметтері мен азаматтық қорғаныс бөлімшелері осындай техниканы жергілікті өндірушіден сатып алу мүмкіндігін қарастыруы тиіс.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Мемлекет басшысы цифрландыру міндетін қойып отыр, соның ішінде осы дрондардың өндірісі де бар. Бұл – танымал корей компаниясымен бірлескен кәсіпорын. Сондықтан тиісті органдар техниканы тек сіздерден алуы қажет. Қазіргі таңда материалдық-техникалық базаны жаңартамыз. Табиғи және техногендік катаклизмдер күтпегенде болады, біз кез келген жағдайға дайын болуымыз керек.

Сонымен қатар, аймақ басшысы білім басқармасына кәсіпорында білім алып, кейін сол жерде жұмысқа орналасуды мақсат ететін студенттер үшін дуалды оқыту жүйесін ұйымдастыруды тапсырды.

Әйгерім Тоқпанқызы