Павлодар облысының 2026 жылғы бюджеті нақтыланды. Осылайша, жылу желілерін жабықтау бойынша 4 жобаға 5,6 млрд теңге бөлінбек. Сондай-ақ, Екібастұз қаласында салынатын иесиелік тұрғынүйлерге де қосымша қаржы бөлінеді.
Жылумен жабдықтау желілері жобасының екеуі Екібастұз қаласында болса, екеуі Ақсу шаһарында. Оған жиыны 5 млрд 656, 6 млн теңге бөлу көзделуде .
Ирина Назарчук, Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігнің хаты негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару ұлттық қорының қаражаты есебінен Екібастұз қаласына 4 тұрғынүй құрылысына қолдау көрсетті. Осылайша инфарқұрылымдық жобаға 5,6 млрд теңге, Екібастұздағы 4 түрғынүйді салуға 3,7 млрд теңге қарастырылды. Бұл рәсімді наурыз айының біріне дейін жүргізу қажет.
Сондай-ақ, бюджет нақтылауына Павлодар әуежайын жөндеу жұмысында 4 пайыздық салықтық айырмашылыққа қажетті 293,9 млн теңгенің қажеттілігі де көзделді. Осылайша қазіргі уақытта 2026 жылғы облыс бюджеті 546,6 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттер көлемі 23,6 млрд теңге. Бюджет нақтылауын депутаттар бір ауыздан қолдады.