Естай атындағы мәдениет үйі сахнасында алғаш рет жаңа форматтағы «Asia Dance Festival» би байқауы өтті. Би додасына өңірден және өзге қалалардан келген 20 команда қатысып, үш негізгі бағыт бойынша бақ сынады.
Фестивальдің ерекшелігі – бірнеше жанрдың бір сахнада тоғысуында. Байқау заманауи хореография, қазақы нақыштағы заманауи қойылымдар, сондай-ақ K-pop және Q-pop бағыттарын қамтыды. Сонымен қатар ұйымдастырушылар биыл алғаш рет жеке орындаушыларға арналған соло бағытын қосты. Бұл қатысушыларға өз қалауындағы жанрда өнер көрсетуге мүмкіндік берді.
Әйгерім Түсіпбекова, ұйымдастырушы
Бұл іс-шара алғаш рет осындай форматта ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін фестиваль негізінен бір ғана бағытқа – K-pop жанрына басымдық беріп келген. Ал биыл бірнеше бағыт біріктірілді.Мақсат – қазақ және корей мәдениеттерінің тоғысуын көрсету. Бұл екі бағыт бір-бірін толықтырып, байыта түседі. Сонымен қатар, бұл халықтар арасындағы достықтың белгісі екендігін айқындайды.
Байқауға алғаш рет Астана қаласы мен Новоямышево ауылынан да командалар келді. Новоямышеводан келген жас бишілер Q-pop бағыты бойынша өнер көрсетті. Этно стильдегі ерекше қойылымға олар екі апта бойы дайындалған. Этно стильдегі ерекше қойылымға олар екі апта дайындалған.
Айсұлу Ахмет, қатысушы
Біз қазақ биі заманауи интерпретацияда билейміз. Біздің тобымызда 6 адам. Мен өзім бір соло би билеймін. Біздің команда айналайын деп аталады, осы биді бір жұмада қойдық. Және оны қайталауға екі жұма кетті.
Фестиваль қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен жеңімпаздарға ақшалай сыйақылар табысталды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта байқауды дәстүрлі түрде өткізіп, қатысушылар қатарын көбейтуді жоспарлап отыр.
Дильназ Қуанышбекқызы