Ақсу қаласында «Туған қала» жобасы жалғасуда. 2025-2026 жылдарға арналған циклде 11 жоба таңдалды. Қаланың дамуына қатысты идеяларын ұсынған жеңімпаздар марапатталды.
«Туған қала» жобасы 2021 жылы басталған. Содан бері қала тұрғындарына қажетті 48 инфрақұрылымдық, 11 іс-шара жобасы іске асты. Жоба аясында қала тұрғындары идея ұсынады. Көп дауыс жинағандары таңдалып, ERG компаниясының қаржыландыруымен іске асады.
Болатбек Шәріпов, Ақсу қаласының әкімі
Барлық қатысушыларға алғысымды білдіремін. Қала өмірін жақсарту үшін ойларыңызды ортаға салып, батылдық танытып, жауапкершілік ала білгендеріңіз үшін алғысым шексіз. Осындай жобаны қолдаған ERG компаниясына да ризашылығымды білдіремін. Бизнес пен биліктің, қоғамның осындай серіктестігі қаланың дамуын оң бағытқа өзгертері сөзсіз... города 02.25
Жобаның демеушілері де қала тұрғындарының өмір сапасы үшін осындай шаралардың маңызы айрықша екендігіне тоқталып, компания қала өмірінің жақсарыуына мүдделі деді.
Дүйсен Мерғалиев, «ЕЭК» АҚ бас директоры
Ақсу қаласы біздің де ортақ үйіміз. Қала тұрғындарының басым бөлігі біздің қызметкерлер, жұмысшылар. Сондықтан, бұндай жобаларды қолдау біз үшін маңызды. Бұл компанияның ұзақмерзімді позициясы. Бұндай жобаға тұрғындарының белсенді қатысуы жобаның ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етеді. Осылайша азаматтарға қажетті дүниелерді шынайы біле аламыз.
Жиын аясында алдымен 2025-2026 жылғы цикл жеңімпаздары марапатталды. Бұл жолы 11 жоба жеңімпаз деп таналған. Оның 8-і инфрақұрылымдық, 3-еуі іс-шаралар. Ақсу тұрғыны Болат Ахметовтың шағын арбат жобасы да жеңімпаздар қатарында.
Жобалардың барлығы 2026 жылы іске асады деп күтілуде.