Отбасылық құндылықтар - жанұяның бірлігін, берекесін және сақталуын қамтамасыз ететін, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін адамгершілік қағидалар. Жаңа Конституция жобасында бұған ерекше мән беріледі. Өзара сыйластық, махаббат, сенім, тәрбие мен салт-дәстүрді ұстану құндылықтары жайлы толығырақ тілші материалында.

Неке адалдығы, дінді сақтау, ұрпақ жалғастыру және ата-ананы құрметтеу халқымыздың ежелден қалыптасқан дәстүрлі құндылықтарының негізі. Заман талабына сай өзгерген, махаббат пен түсіністікке негізделген ұстанымдар ұсынылып отырған жаңа Конституцияға енген жаңашылдық та осында,- дейді сарапшылар.

Жадыра Макенова, Павлодар қаласының қоғамдық кеңес мүшесі, коалиция мүшесі

Тадқыланып жатқан жаңа Конституцияның аясында қоғамда кеңінен сөз болып отырған ол отбасы институтын қорғауға заманауи білім мен инновация, ұрпақтың әлеуетін арттыруға сондай-ақ отбасы құндықылтарды аттыруға бағытталған маңызды норм ретінде қарастырылуда. Мен бұл бапты қоғам үшін маңызды деп санаймын. Отбасы мемлекеттің іргетасы, ал білімді тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу елдің болашағы мен тұрақтылығын айқындайды. Сондықтан 30 бапты қолдау бұл тек құқықтық қадам емес, білімді бәсекеге қабілетті болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік деп санаймын.

Қалимаш Өзбекқызы саналы ғұмырының қырық жылын ұстаздық қызметке арнаған. Бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немере-шөберенің шаттығына бөленіп отырған абзал әже.

Қалимаш Сембинова, ардагер ұстаз

Отан отбасынан басталады. Отбасы шағын мемлекет, сол шағын мемлекеттік ішінде ата-анамен үйдегі бала шағаның ортасындағы қарым қатынас. Бұл қарым қатынас дегеніміз сол шағын мемлекеттің ішінде береке бірлік болмаса, үлкен құрмет келісетін сол үй сол шаңырақтың, байлығы, бақыты деп түсінемін.

Ардагер ұстаз ауылдың қоғамдық өміріне белсене араласады. Мұның бәрі елімнің ертеңі мен ұрпағымның болашағының жарқын болуына қосқан үлесім деп білемін дейді ол. Сонымен жобада неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет қорғауында болады деп тайға таңба басқандай көрсетілген.

Әйгерім Тоқпанқызы