Елордада Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Коллегияға Премьер-Министр орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті. Жиын барысында 2025 жылғы жұмыстың қорытындылары сараланып, биылғы негізгі міндеттер мен жұмыс бағыттары айқындалды. Отырысқа Павлодар облысы еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов қатысты.

Коллегияда халықты жұмыспен қамту, жұмыс орынындағы адам қауіпсіздігі, мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру және өзге де мәселелер қаралды. Өңірімізде 2025 жылы 113 адам жұмыс орынында зардап шеккен, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 1 жағдайға артық. 2025 жылы 7 адам, ал 2024 жылы 9 адам өндірістік жарақаттан қайтыс болған.

Асқар Қапанов, ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы

«Алқа отырысы нәтижесінде бізге жаңа міндеттер жүктелді. Олар жұмыспен қамту, жалпы әлеуметтік мәселелерге қатысты болды, алайда негізінен еңбекті қорғау саласындағы жұмысымызға бағытталды. Павлодар облысы бойынша жағдайға тоқталсақ, өкінішке қарай, өндірістегі оқыс оқиғалар саны бір жайтқа көбейді. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда. Жұмысшының қаза болуымен аяқталған жазатайым оқиғалар саны азайды, ал жалпы жарақаттану деңгейі сәл артты. Соған қарамастан, тиісті шаралар атқарылып жатыр. Өңіріміздің өнеркәсіптік аймақ екенін ескерсек, еңбекті қорғау мәселесі бойынша оң өзгерістер бар деп айтуға болады.»

Облыстағы 33 кәсіпорында Vision Zero – нөлдік жарақаттану тұжырымдамасы енгізілген. 22 кәсіпорын «Халықтық бақылау» жобасын жүзеге асырады. Жоба аясында өндірісте зардап шеккен тұлғалар бейнебақылау мен шолу арқылы еңбек қауіпсіздігін қадағалау үшін жұмыс істейді.

Жұлдыз Қабылденова