Ақсу көшелері ақша қардан аршылуда. Шаһардың коммуналдық қызметі бұл міндеті атқарады. Қажетті тенхника мен жұмыс күші жеткілікті ме? Біздің түсірілім тобы көріп қайтты.

Биылғы қыс қарлы. Ылғалы мол. Сондықтан болар коммуналдық қызмет тынымсыз. Қыс бойы Ақсу қаласынының көшелерінен 41 мың тонна қар сыртқа шығарылыпты. Оған 17 техника, 50 адам жұмылдырыған.

Бейбіт Азаматов, Ақсу қаласы түкш, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Ақпан айының 19 на дейін Ақсу қаласының барлық көшелерін қардан аршыған едік. Бірақ, одан кейін тағы да қар жауды. Сол себепті жұмыс қайтадан басталуда. Қазір Әуезов көшесі мен қаланың ескі бөлігін тазартып жатырмыз.

Бұл - мемлекеттік рәміздер алаңындағы қызу жұмыс. Бұл - Ақсудағы адам көп жүретін, шаһарлықтардың жиі серуендейтін орны. Әр түрлі мерекелік шаралар да осында өтеді. «Ақсу сервис» мекемесінің қызметкерлері бұл міндетті тыңғылықты атқаруға бар күштерін жұмылдыруда.

Қанатбек Байманов, «Ақсу сервис» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің басшысы

Біздің мекемеде 74 адам жұмыс істейді. Міндетімізді атқаруға қажетті техникаларымыз бар. Үлкен, кіші көлемдегі тиегіш көлік, трактор, адам таситын газель көлігі де осында.

Бұның бәрі қала тұрғындары үшін. Шаһардың тазалығы, көшелердің көркі жергілікті тұрғындар мен қонақтар үшін де керек.

Ақпан айының соңы, көктемнің басы. Аз уақыттан соң қар да еріп, коммуналдық қызметтің өзге міндеттері басталады. Көктемде көшелерді су алып, қашқан су қала ішін кезбеуі үшін де ақсулықтар қазірден қамдануда.