Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыруымен «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Министрліктің тапсырмасы бойынша құтқарушылар Атамекен кенті аумағына барып, су тасқыны жағдайын жою бойынша тәжірибелік іс-шараларды пысықтады.

Оқу-жаттығу барысында күштер мен құралдарды ретке келтіру, халықты эвакуациялау, қарды шығару, су сору жұмыстары, сондай-ақ кинологиялық есептерді тарта отырып зардап шеккендерді іздеу іс-қимылдары пысықталды. Оқу-жаттығуға арнайы техника мен жеке құрам жұмылдырылып, төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттердің алгоритмі іс жүзінде тексерілді.

Думан Қыдырмоллаев, Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары

Қазіргі таңда павлодар аумағында оқу жаттығуға 41 техника және 100 астам жеке құрам жұмылдырылды. Оқу жаттығуды бұл жерде оқу орындары болып су тасқаны кезінде үйлеріне су кірген уақытта суды жедел әркет қылып адамдарды эвакуациялау, қар тазалау сондай жұмыстар атқарылды.

Атамекен кенті әкімінің айтуынша ауыл аумағында да қар шығару жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп келеді.

Мунира Дүйсенбекова, атамекен кентінің әкімі

Күнделікті мердігерлермен қар шығару шығару шаралары жүргізіліп жүр. Қазіргі таңда 4 мыңнан қар шығарылды. Күнделікті 10 бірлік единица техникасы жұмысқа шығады. Қазіргі таңда ең қауіпті жерлерден қар щығарылады. Өткен жылы ауылда қауіп болған жоқ, бірақ оның алдыңдағы жылы қар көп болды, бірақ бірде бір үйді біз суға кетірген жоқпыз. Осы екі жылдың ішінде. Қазіргі таңда барлық жұмыстар біздің бақылауымызда.

Сонымен қатар оқу-жаттығу барысында кинологиялық есептердің жұмысы да көрсетілді. Қазіргі уақытта қызметте екі іздестіру-құтқару иті бар. Олар – Санти және Отрада. Австралиялық овчарка мен австралиялық хиллер тұқымды. Иттер төтенше жағдай аймағында тірі адамдарды іздеуге машықтанған.

Галина Куценко, кинология бөлімінің жетекшісі

Бүгінгі сценарий бойынша біз төтенше жағдай аймағынан шығып кетіп, жоғалып кеткен екі адамды іздейміз. Ит оларды тауып, кинологқа нақты орналасқан жерін көрсетуі тиіс. Бұған дейін де біздің иттер қираған мектеп ғимаратында да жұмыс істеді. Бұл былтырғы жылдың қараша айында болған. Жалпы иттер үш ай ішінде арнайы дайындықтан өтіп, емтихан тапсырады.

Мамандардың айтуынша, мұндай оқу-жаттығулар көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты пысықтап, қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Дильназ Қуанышбекқызы