Жалпыұлттық коалиция мүшелері Павлодардағы кәсіпорындардың біріне барып, жұмысшыларымен кездесті. Онда конституциядағы өзгерістерге тоқталып, мәтінге талдау жасады.
Павлодар облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары бастаған жалпыұлттық коалиция мүшелері облыс орталығындағы кәсіпорындардың біріне барды. Зауыттың қызметкерлерімен кездесіп, Жаңа Конституция жобасын түсіндіріп, жаңа баптар мен өзгерістер талданды.
Болат Аманбаев, Павлодар облыстық қоғамдық кеңес мүшесі
Мен бір нәрсе қосайын, осы Конституцияға адвокатура туралы қосылғанын айтайын. Қазір адвокаттар мен прокурорлар теңестірілді. Жаңа заң аясында қарасақ, егер бұрын сот шешіміне адвокат шағымданса, прокурор оған наразылық білдіре алатын. Қазір адвокаттардың прокурорлармен мүмкіндіктері теңестірілді.
Аталмыш зауытта 450-ге жуық адам жұмыс істейді. Қызметкерлер ел үшін маңызды күні, саяси науқанға қатысуға дайын екендіктерін айтты.
Диас Ермек, кәсіпорын өкілі
Міне бүгін, өте керемет отырыс болды. үлкен мәселелер талқыланды. Ұжыммен талқылаулар болды. Сұрақтар туындайтын, шамам келгенше түсіндіретінмін. Жауаптары пайда болды. осы 15 наурызда Қазақстан халқы өз таңдауын дұрыс жасайды деп сенемін. Себебі, жаңа Конституцияда бәрі ашық және түсінікті жарияланған деп ойлаймын.
Еске салайын, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы 13 ақпанда құрылды. Оған 5 саяси партия мен 300-ге тарта қоғамдық ұйым мүше.
Самал Қалиқызы