Уақыт алмасқан сайын қоғамның талап-тілегі, қажеттілігі де жаңарады. Өзгерістерге бейімделу – мемлекет үшін маңызды міндет. Сол себепті Ата Заңды жетілдіру – заман талабынан туындаған қадам.

XXI ғасыр – цифрландыру мен жаңа технологиялар дәуірі. Осындай жағдайда қоғамда болып жатқан үрдістер жаңаша көзқарас пен тереңірек талдауды қажет етеді. Соның ішінде негізгі құқықтық құжаттарды заман талабына сай жүйелеу мен жетілдіру маңызды. Бұл туралы Павлодар қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Жұлдыз Қабиденова атап өтті.

Жұлдыз Қабиденова, Павлодар қаласы қоғамдық кеңесі мүшесі

 «Жаңа Конституцияны қарастыру кезінде оны, әрине, 21-ғасыр логикасы тұрғысынан қайта ойластыру керек. Алдымен, ол біздің қоғамымыздың барлық өмір саласын тұтастай контексте қарастыратын атап өткен жөн: азаматтың құқықтары, экономика мен саясат, сондай-ақ тарихымызға байланысты мәселелер, әрине, маңызды. Сондай-ақ мәдениет, білім мәселелерін – яғни республиканың негізгі бағыттарын атап өтуге болады.»

Жаһандану жағдайында тарихи-мәдени құндылықтарымызды сақтау аса маңызды. Жаңару мен даму өз тамырымыздан ажырамай, оған сүйене отырып жүзеге асқанда мәнді болмақ.

Жұлдыз Қабиденова, Павлодар қаласы қоғамдық кеңесі мүшесі

 «Конституция Қазақстан халқының біртұтас болып қабылдануына құндылықтық негіз береді. Оны қазіргі модернизация жағдайында қарастырады және біздің тарихи қалыптасқан үлгілерге негізделеді. Мысалы, дала демократиясы, яғни Құрылтай туралы айтуға болады. Құрылтай – бірегей диалог алаңы іспеттес, өйткені ол қоғам, мемлекет және азамат арасындағы жалпы диалогқа негізделген, яғни, қоғамдық келісімнің жаңа бір формасы.»

Демек, жаңа Конституция жобасы – еліміздің өткені, бүгіні мен ертеңі үйлесім тапқан құжат. Ол Қазақстан қоғамының келісімін, өзара түсіністігі мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталады.

Жұлдыз Қабылденова