Елімізде мемлекеттік қызметке орналасу рәсімі жеңіледі. Үміткерлер үйде отырып-ақ мүмкіндіктерін сынай алады. Е-Qyzmet ақпараттық жүйесі өздерін мемлекеттік қызмет саласында сынап көргісі келетін жастарға мүмкіндік беруде.

Е-Қызмет жүйесі ел бойынша жұмыс істейтін платформа. Осы жерде үміткерлер өздері қалаған қызметке түйіндемені онлайн жібереді. Тестілеу, бағалау, және сұхбаттасу да цифрлық форматта өтеді. Бұл-бір жағынан уақыт пен қаржыны үнемдеу болса, екінші жағынан, жастарға үлкен мүмкіндік.

Әлімжан Қазбек қаржы басқармасындағы қызметіне Е Қызмет арқылы орналасқан мамандардың бірі. Бұл жүйенің оаңтайлы екендігін айта келіп, қалаған саласында жұмыс істеу үлкен қуаныш деді.

Е Қызмет арқылы мемлекеттік мекемелер мен азамататр арасындағы байланыс оңтайлануда.