Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Успен ауданына барды. Онда алдымен жаңа спорт нысанынын ашылуына қатысып, биыл жүзеге асатын инвестициялық жобалармен де танысты. Толығырақ тілші сюжетінде.
Успен ауданында су жаңа бассейн қолданысқа берілді. Жаңа спорт нысанының салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан аймақ басшысы елдегі инфрақұрылымдық дамудың республикандық референдум қарсаңында ерекше мәнге ие екенін атап өтті.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Ел Президенті Қасым жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытуға, әсіресе балаларға арналған спортқа ререкше мән береді. Сондықтан осы игі істі бірге жүзеге асырған барша жанға шынайы алғысымды білдіремін.
Ауыл тұрғындары да жаңа нысанға дән риза. Әсіресе ата-аналар қауымы балалары үшін жасалып жатқан жағдайларға алғысын білдірді.
Жайна Ұрымбаева, ата-ана
Мінеки біз баааейннің ашылуына қуанымштымыз. Үйдің жанында керемет. Облыс әкімі аудан әкімі рахмет.
Ұзындығы 25 метр, ені 7 метр болатын болатын хауыздың тереңдігі 2 метрге дейін жетеді. Қазір жүзуден жаттықтырушылар тартылып, балалар қабылданып жатыр. Жүзу бассейні қажетті инвентарьлармен қамтылған, киім ауыстыратын орындар, душ бөлмелерімен қатар сауна да бар. Соңғы жылдары ауданда спорттық нысандар қарқынды салынып жатыр. Өткен жылдың басында ауданда дене шынықтыру кешені ашылған еді. Облыс әкімі Асайын Байханов оған да соғып, жұмысымен танысты.
Аудандағы бұл дене шынықтыру сауықтыру кешені 2025 жылы қолданысқа берілді. Қазір мында қазақша күрес, дзюдо, волейбол, баскетбол секциялары жұмыс істейді. Заманауи нысанда жаттығу залы да қарастырылған. Яғни жергілікті тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына бар жағдай жасалып отыр.
Маңызды инвестициялық жобалар жүзеге аспақ
Успен ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі шаруалармен де кездесті. Константиновка ауылдық округіндегі «РЭГтайм» шаруа қожалығы 27 жылдан бері жұмыс істейді. Бірақ соңғы жылдары шикізат тапшылығы, кадр жетіспеушілігі, электрэнергияның қымбаттауы салдарынан сүт, ірімшік өңдеу кәсібі құлдырағалы тұр.
Эвальдт Руфф, «Регтайм» ШҚ басшысы
Біз бастаған жылдары өнімге сұраныс жоғары болды. Себебі шетелден импорт болмады. Біз сыр өнімдерін Астана, Қарағанды, Өскемен, Павлодарға жеткізетінбіз. Жұмыс жасау жеңіл еді. Одан кейін Украинадан жасанды ірімшік өнімдері жеткізіле бастаған соң, біздің өнімге сұраныс төмендеді. Импорттық өнімдердің кейбірі пальма майы мен май алмастырғыштан жасалатынын көбісі біле бермейді. Біздің өнім таза, сапалы болды. Қазіргі уақытта жұмыс тіпті қиындады. Завод сапалы шикізат пен кадрларға зәру.
«Рэгтайм» сұрыптамасында сүт, айранмен қатар адыгей, брынза, неміс, гауда, голланд сырлары бар.
Осы ретте, аудан әкімі Нұрболат Мақашев «Регтайм» ШҚ толық жұмысқа енгізу мақсатында көмек көрсетілетінін жеткізді. Жергілікті тұрғындар арқылы кәсіпорынның 40-50 пайызға дейін жүктемесін арттыру жоспарланып отыр.
Аймақ басшысы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ірімшік өнімдерін субсидиялауды қарастыруды тапсырды.
Сонымен қатар, ауданда биыл бірқатар маңызды инвестициялық жобалар жүзеге аспақ. Қазір олар құжаттама кезеңінен өтіп жатыр.
Бұдан бөлек, ауданда 7,5 мың тоннаға көкөніс сақтау қоймасы салынбақ. «Галицкое» ЖШС жүзеге асыратын жоба құны 1,4 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ, Успен ауданында суармалы жерлерді дамыту бойынша 2 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.
Самал Қалиқызы