Көлік иелеріне маңызды ескерту. 2026 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады. Уақытында төлем жасамаған жағдайда берешекке өсімпұл қосылады. Мамандар салықты уақытында өтеуге шақырады.

Облыс бойынша 147 мың салық төлеушінің иелігінде 222 мың көлік құралы тіркелген. Биылғы есептелген жалпы салық сомасы 3,8 миллиард теңгені құрайды. Қазір19 мың 81 салық төлеушінің көлік салығы бойынша берешегі бар. Қарыздың жалпы көлемі – 654 миллион теңге. Биыл жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Көлік құралдары салығы бойынша өзгерістер енгізіледі.

Расул Ахметуалиев, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жеке тұлғаларды әкімшілендіру және жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы

Пайдалану мерзімі бойынша жеке тұлғалардың көлік салығын есептеу тәртібі өзгерді, 10 жылдан асып 20 жыл аралығындағы жеңіл автокөліктер бойынша 30 %-ға дейін салығының төмендеуі болады. 100 мың салық болса онда 70 мың ғана төлейсіз, ал 20 жылдан асатын жеңіл автокөліктер 50 %-ға дейін төмендетуі қолданылады. Мысалға алғанда егер Сіздің салығыңыз 200 мың болса онда ендігі жылдан бастап 100 мың салығын ғана төлейсіз. Ендігі жылдан бастап. Заңды тұлғалар үшін көлік құралдарына салынатын салық бойынша ағымдағы төлемдер есептемесін тапсыру міндеті алынып тасталды. Салық төлеушілер тек декларацияны тапсырады.

Азаматтар көлік салығының нақты сомасын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми порталында жеке кабинетке кіріп көре алады. Қосымша арқылы берешекті тексеріп қана қоймай, салықты онлайн төлеуге де мүмкіндік бар.

Расул Ахметуалиев, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жеке тұлғаларды әкімшілендіру және жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы

Салықты есептеу жылын енгізесіз, мысалы 2025 жыл. Кейін есептеу жылындағы айлар санын енгізесіз. Кейін салық салу объектісінің түрі мысалы жеңіл автокөліктер. Қозғалыс күш бұл 3000 мыңнан астатын немесе дейін таңдайсыз. Қозғалтқыш көлемін көрстесіз. Мысалы 1,5 литр. Есептеуді басасыз, салық сомасы шығады. Осы аталған соманы тұрғылықты мемлекеттік кірістер басқармасына 104 402 бюджеттік кодына төлей аласыз.

Өрескел бұзушылар да бар. Мәселен, 6 салық төлеушінің көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Олардың жалпы берешегі 900 мың теңгені құрады. Бұл азаматтарға қатысты мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылды. Соның ішінде бір борышкер 500 мың теңге қарызын толық өтеді. Мамандар мұндай жағдайға жол бермеу үшін көлік иелерін салықты уақытылы төлеуге шақырады.

Сабина Жолдаспаева