Өңірде инвестициялық серпін күшейді. Негізгі капиталға салынған қаржы көлемі соңғы үш жылда тұрақты өсім көрсетіп отыр. Биылғы көрсеткіш өңір экономикасының шарықтағанын аңғартады. Индустриялық-инновациялық жобалар, арнайы экономикалық аймақ пен цифрлық бақылау жүйелері – аймақ дамуының негізгі тірегіне айналды.

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, 2023 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 797,5 млрд теңгені құраса, 2024 жылы 839,7 млрд теңгеге жеткен. Ал былтырғы жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 1 трлн 288,6 млрд теңгені құрап, 147 пайыз өсім көрсеткен. Бұл – республика бойынша екінші орын. 2026 жылға жоспар – 1 трлн 413,3 млрд теңге. Бүгінде өңірде 85 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

 Дархан Ермағамбетов, Павлодар облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өсуде. Мысалы өткен жылғы көрсеткіштер бойынша шашамен 1,3 трлн теңге инвестиция құйылды. Жалпы бүгінгі таңда инвестициялық жобалар пулы құрылды. Бүгінгі күні 85 инвестициялық жоба жалпы іске асырылуда. Өткен жылы 25 жоба енгізілген болса осы жылы 36 жоба жоспарлануда.

Әйгерім Тоқпанқызы, тілші

Қазір біз арнайы экономиалық аймақ аумағында жүрміз. Көз алдымызда тек өндіріс алаңғы ғана емес, жаңа мүмкіндік кеңестігі. Инвесторлар өңірге келіп, кәсіпорындар ашуда. Яғни өңір халқы жалақысы жоғары жұмыспен қамтылады. Индустриялық дамудың басты нүктелерінің бірі – «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы. Бүгінде онда 39 кәсіпорын тіркелген. Соның 23-і нақты өнім өндіріп отыр. Мұнда 117 түрлі тауар шығарылып, 11-12 шет мемлекетке экспортталуда. Тартылған инвестиция көлемі 546 млрд теңгеге жеткен. Өндірілген өнім құны 430-440 млрд теңгені құрайды.

Мәдениет Ахметов, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының басқарма төрағасы

39 мекеме осы жерде бар. Бүгінгі күні әкеліп жатқан инвестициясы 546 млрд 39дің 23 мекеме өнімін шығарып жатыр. Оның өнімін санасақ 117 түрлі өнім. Бүгінгі күні 11-12 шет ел мемлекетке шығарылып жатыр. Шығарып жатқан өнімнің құны 430-440 млдр жетіп қалды. 546 млдр бұл инвестиция. Бұның бәрі Павлодар облысына келіп жатыр. Бұның 220 сы осы жерге келді.

Арнайы аумақтан тауар экспортқа шығарылады. Өнім түрлері әртараптандырылған әрі халықаралық нарықта сұранысқа ие.

Биеке Болат, «Павлодар» арнайы экономикалық аймақтың менеджері

Экспорттық бағыты бар кәсіпорын өнімдерінің бірі автомобильдік дөңгелектер. Одан кейін жоғары кернеулі электроқуатына арналған изоляторлар. Одан кейін қолданыстан шыққан бронза латун бұлар да шетелікдік, мұнай кокс, сұраныс бар.

 Жаңа кәсіпорындар ашылып, тұрақты жұмыс орындары құрылуда. Оның ішінде стратегиялық маңызы бар ірі жобалар да бар.

Мәдениет Ахметов, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының басқарма төрағасы

Әирен жаңадан жұмыс орындарын ашылып жатыр. 1700 дей. Бұл жерде айтарым бар ертіс гидрометаллургиялық комбинаты. Үлкен жоба. Өткен жолы Президентіміз Үкіметтің үлкен отырысына қатысты. Сол отырысыта бір көңіл бөлген осы жер. Респбилка бойынша 17 үлкен жоба бар. 17 жобаның біреуі осы Павлодар өңірінде жаңағы Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты. Инвестиция көлемін 1 млрд доллар деп санап жатырмыз.

Әйгерім Тоқпанқызы, тілші

Мына жерде құрылысы биыл басталатын Ертіс гидрметаллургиялық комбинат орналасады. Мына автоклав Обь пен Ертіс өзені арқылы тасымалданған. Санаулы ғана бірегей құрал, өңірімізде жоғары сұрыпты алтын өндіруге қауқарлы.

Арман Бейсембинов – «Ертіс» гидрометаллургиялық комбинаты» ЖШС бас директорының орынбасары

Комбинат жылына 300 мың тонна концентрат өңдеп, жылына 15 тонна алтын шығарады деп жоспарланған. Жоба аясында 500 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарланған. Жоба 2023 жылы іске асырыла бастады. Бұл уақытта көлемді жұмыстар атқарылып, толық іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Инвестиция өсімі –өңір экономикасының түбегейлі жаңғыруының нақты айғағы. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және өңдеу секторындағы ауқымды жобалар Павлодар облысын өндірістік әлеуеті жоғары, технологиялық тұрғыдан жаңарған индустриялық орталыққа айналдыруға негіз қалап отыр.

Әйгерім Тоқпанқызы