Павлодар облысы аумағында көктемгі су тасқынан қарсы шаралар жалғасуда. Елдімекендердегі қарды шығарудан бөлек, өзен мұзын жару жұмыстары да жүруде.
Бұл Сілеті өзенінің Ақтоғай ауданындағы бөлігі. Осы аумаққа жақын бірқатар ауылдарға көктем сайын дәл осы өзеннен қауіп төнеді. Сондықтан, төтеншеліктер мұзды жарып, қауіпті сейілтуге тырысуда.
Шәкір Ахметов, Павлодар облысы ТЖД төтенше жағдайларды ескерту басқармасының бастығы
Өзен суысының ағысына кедергі келтіруі мүмкін мұзды жарып жатырмыз. Осылайша су тасқыны қаупін біршама сейілтуге болады. Бұл су тасқынына қарсы кешенді шаралардың бірі. Мұз жару жұмыстары үш аумақта өткізілді.
Шолақсор ауылы маңында 1000 шаршы метр аумақта мұз жарылды. Бұл су тасқыны қаупін алдын-алудағы ең маңызды шаралардың бірі дейді төтеншешліктер.