Енді Екібастұз шаһары моноқала емес. Ресми түрде бұл тізімінен шығарылды. Бұны ҚР Ұлттық экономика министрлігі хабарлайды.
78 негізгі көрсеткіш бойынша кешенді талдау жүргізілді. Нәтижесінде өнеркәсіп өндірісі, инвестициялар, кәсіпкерлік және жұмыспен қамту, қала экономикасы табысты түрде әртараптандырылғаны анықталды. Экономикасы артып, өнеркәсіп өндірісі тұрақты өсіп, инвестиция ұлғайды. Былтыр өнеркәсіп өндірісінің көлемі бір триллион, алты жүз жиырма тоғыз бүтін оннан төрт миллиард теңгеге жетті. Шаһар елді энергетика мен металлургия өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.