Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің қабырғасында Конституцияның қоғамдағы рөлі мен оның жүзеге асырылу жолдары талқыланған ғылыми конференция өтті. Жиында заңның негізгі қағидалары қарастырылып, оларды тиімді іске асыру мәселелері қозғалды. Басқосуға сарапшылар, қоғам өкілдері қатысып, конституциялық реформаның маңызын атап өтті.

Кездесудің мақсаты конституциялық өзгерістердің мәнін халыққа түсіндіру және оның қоғам дамуына ықпалын айқындау. Жаңа реформалар азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, елдегі тұрақтылық пен әл-ауқатты арттыруға бағытталған. Бұл тақырып жиында жан-жақты талқыланып, сарапшылар өз пікірлерін ортаға салды.

Ержан Әмірбекұлы, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ректоры

Әр адамның негізгі мақсаты бақытты болу. Бақыттың тетіктері әртүрлі. Ол білім беру, денсаулық сақтау, инновациялық өркендеу, мемлекеттің тұрақтылығы. Осы құндылықтардың барлығын конституция өзіне біріктіре алды ма. Біріктірсе халыққа өзгерістердің тетіктері қалай өзгеріс алып келу керек. Мемлекеттік органдардың жұмысы, халықтардың арасындағы ынтымақ, мемлекеттік басымдықтардың қайта қаралуы. Заңдық нормативтік құжаттар қайта қаралатын болады. Екіншіден, әрбір мемлекеттік мекеме, әрбір азамат өзінің мақсатын, мүддесін қайта рәсімдеп, қайта қарап шығуына тура келеді. Қысқа уақыттың ішінде мелекетіміздің жаңа кейіпін әлемге паш етуіміз керек. Осы туралы сарапшылар өздерінің ойларымен бөліседі.

Жаңа Конституцияда адами капиталды дамытуға ерекше мән берілген. Сарапшылар білім, денсаулық және әлеуметтік кепілдіктердің маңызына тоқталып, олардың қоғам дамуына тікелей әсер ететінін атап өтті. Жаңа өзгерістердің артықшылықтары нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

Маханбет Амангелді, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты

Адами капиталды ашып қарайтын болсақ адамға денсаулық керек, мүлкі және білімі мықты болу керек. Осы үш бағыт конституцияның негізіне берілген. Адамның денін сақтауға конституция кепілдік береді. Білім алуға кепілдік береді. Құқық иесі де кепілдік береді. Бұрын да беретін. Алайда, бұл жеке азаматтың құқық иесіне, ал қазір жеке адамдар біз капиталистік мемлекеттеміз шағын және орта бизнесті дамытамыз бірақ оларға кепілдік бермегенбіз. Осы конституцияда айқын басымдық берілді.

Конституциялық реформалар елдің құқықтық жүйесін жетілдіруге, азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейтуге және мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған. Сарапшылардың айтуынша, бұл өзгерістер қоғамның барлық саласына оң әсер етіп, елдің тұрақты дамуына негіз болады.

Сабина Жолдаспаева