Павлодар облысында бір уақытта 30 мың бала «Әлқисса», «Сарыарқа», «Көроғлы», «Тепең көк» күйлерін орындады. Шара республикалық «Күй күмбірі» челленджі аясында ұйымдастырылды.
«Батыр мол» сауда кешенінде бір уақытта 500 бала ұлттық киім киіп, қара домбырамыздың үнінін аспанға әуелетті. Мәдени манифесттің мақсаты - ұрпақтар сабақтастығын көрсету. Бір сахнада домбыраны енді үйренген балалар мен еркін ойнайтын мықты домбырашылардың басы қосылды.
Қазақтың ұлттық аспабы – домбыра қашан да құрметке лайықты. Дәл төлмерекеміз Наурызда оны ұлықтап, насихаттамағанда қашан көрсетеміз, қашан дәріптейміз?!
Әдемі челлендж жылда дәстүрлі түрде осы уақытта өтеді. Домбырашылар Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса», Құрманғазының «Сарыарқа», Дәулеткерейдің «Көроғлы», «Тепең көк» сүйікті шығармаларын орындап, Наурыз мейрамының насихатталуына үлес қосты.
Айкөркем Қаршыға, Павлодар қалалық музыкалық мектебінің оқушысы
Мен биыл үш жыл қобыз тартамын. Маған өте ұнайды. Мен де оларға қарап үйренемін.
Надия Әнуарбекова, №2 ЖОББ мектебінің оқушысы
Мен домбырамен үш айналысамын. Мен көптеген күйлерді білемін. Домбыраны барлық қазақ балалыр ойнауы керек. Ертұран, Тепеңкөп, Алаш аманаты көптеген күйлерді білемін.
«Күй күмбірі» челленджіне Павлодар қаласының барлық мектептерінде оқитын жас домбырашылар қатысты.
Думан Қаршыға, Павлодар қалалық музыкалық мектебінің оқушысы
Наурыз мейрамы құтты болсын. Менің ойымша әр қазақ жігіті домбыра ойнауы білу керек. Себебі нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра.
Домбыраның үні әр қазақтың делебесін қоздырып, жүрегіне жетеді. Сондықтан ұлттық кодты сақтау жолында осындай мәдени жобалардың маңыздылығы жоғары. Әсіресе өскелең ұрпақ үшін.
Әлімжан Төлеген, Павлодар қалалық музыкалық мектебінің оқушысы
Мен домбырада ойнауды жақсы көремін. Домбырада екі жыл ойнаймын. Нағыз қазақ домбыра.
Айта кетейік, бұл күні бір уақытта еліміздің барлық домбырашылары республикалық акцияға қосылды.
Самал Қалиқызы