Қол астындағы қызметкерлерге дөрекілік танытқан орынбасардың әрекеті әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Павлодар облыстық әділет департаменті бастығының орынбасары Айдын Сәменқұловтың үстінен әріптестері ұжымдық шағым жасаған.

Мәселе, Әділет департаменті бастығының орынбасары Айдын Сәменқұлов және осы департаментке қарасты қызметкерлер арасында туындаған. Орынбасардың теріс қылығы туралы хабар Әділет министрлігіне дейін хабардар етілген. Жай хабарланбай ол дөрекі сөйлеген жиынның аудиожазбасына дейін жіберілген. Осылайша қызметтік тергеп-тексеру басталып, мынадай мән-жайлар анықталыпты.

Дегенмен әдептік теріс қылық жасағанын мойындамайтындығын айтқан. Ол бұл ойын әдеп жөніндегі кеңестің талқылауында да қайталады. Алайда, кеңес мүшелері мәселені жан-жақты қарай келе қатаң сөгіс түріндегі ескерту жаазсын беру туралы ұсыным жасауға шешім қабылдады.