Қазақстанның премиер лигасының Павлодардағы алғашқы матчы өтті. Маусымды Шымкенттік Ордабасыға қарсы бастаған Ертіс футбол клубының Атыраулықтармен өткені ойыны туралы әріптесім Байтұрсын Жұмабай әңгімелесін.
Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ екі команда да белсенділік танытып, ұпай алуға ұмтылды. Кездесудің басында «Ертіс» футбол клубының қорғаушысы Данила Нечаев бұрыштама добын тиімді пайдаланып, есеп ашты.
Алайда көп ұзамай атыраулық клубтың ойыншысы Константин Дорофеев таразы басын теңестірді. Екінші таймда алаң иелері басымдыққа ие болуға тырысқанымен, қарсылас команда бұрыштамадан тағы бір қауіпті сәт ұйымдастырды. Осы эпизод кезінде қақпашы Фард Ибрагим қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды . Нәтижесінде қос команда тең түсіп, әрқайсысы бір ұпайдан еншіледі.
Кирилл Альшевский, «Ertis» футбол клубының бас бапкері
Аланда 10 ойыншы қалса да міңез көрсетіп гол соғуға тырысқанының өзі нәтиже деп айтуға болады. Бұл біздің клуб үшін жақсы белгі деп айта аламын.
Владимир Чебурин, «Атырау» футбол клубының бас бапкері
Ертіс футбол клубының алғашқы өз алаңдарындағы ойыны екені түсінікті. Сондықтан Ертіс футбол клубынан допты бақылауда ұстауы да жоғары болды. Бірақ бұл ойындағы біздің мақсат сабыр сақтап, жылдам шабуылдар ұйымдастыру болды
Павлодарлық жанкүйерлер бұл кездесуді тағатсыздана күткендерін айтып, қала тұрғындарын жергілікті командаға қолдау көрсетуге шақырды.
Қазақстан Премьер лигасының 3 турында жерлестеріміз сырт алаңда Қызылжар футбол клубымен кездеседі. Әзірге Ертіс турнирлік кестеде екі тең ойынмен жетінші орында тұр.
Байтұрсын Жұмабай