Марғұлан университетінің студенттер театры жаңа қойылым ұсынды. «Соңғы шешім» спектакльі жастар тақырыбын қаузайды. Қойылдым жұмыстарына түркиялық режиссер да ат салысты.

Жастар арасындағы негізгі мәселердің бірі болашақтарын қалыптастыру. Болашақ жолда әртүрлі жолайрықтарда тұрып шешім қабылдау. Бір ғана шешім тұтас тағдыр.

Арайлым Сүндет, «Ғибрат» студенттік театрының көркемдік жетекшісі

 «Соңғы шешім» спектальі не үшін бұлай атадық. Қазір өздерңіз білетіндей жастар көптеген шешімді асығыс қабылдау арқылы көптеген қиындытарға ұшырап жатады. Соның алдын-алу мақсатында. Асығыс шешімнің дұрыс еместігін насихаттау мақсатында қойылып жатыр.

Қойылымда жастардың алдынан шығатын әлеуметтік мәселелер, діни көзқарастар сияқты тақырыптар қамтылды. Шығарма авторы семейлік қаламгер Мерей Қарт.

Мерей Қарт, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі

Әрбір шығарманың қиындықтары, өзінің бір кезеңдері болады. Қатты тығыраққа тіреген қиындық болған жоқ. Қоғамда бар ашық мәселер көрсетіледі. Әдеби, тарихи зерттеуді көп қажет етпеді.

Қойылым екі ай бойы сахналанған. Көптеген қиындықтар да болған. Алайда, шығармашылық топ бәрін еңсерді.

Мұстафа Инсар, режиссер

Қазіргі таңда осы театрда, осы қойылымда режиссер болдым. Қойылым қазақ тілінде қойылды. Бұл қойылымға біз екі ай бойы дайындалдық. Балалар өте жақсы жұмыс істеді. Барлығының еңбегіне үлкен рақмет. Мен үшін де бұл өте ерекше тәжірибе болды. Өйткені Түркияда мен онсыз да театрмен айналысамын, бірақ басқа тілде жұмыс істеу, өз тілімде емес қойылымды қою және оған режиссер болу — мен үшін жаңа әрі қиын тәжірибе болды.

Кейіперлер әр қилы жағдайы бастан өткереді. Өмір жолында түрлі сынақтарға тап болады.

Аюпбек Ақжол, студент

Осы спектакльде басыт кейіпкер Азаматты ойнаймын. Азамат һте отабсын ойлаймын, адами құндылығы жоғары адам болған. Оның жақсы адамнан, жаман адамға айналу прцесін көретін боласыздар.

«Ғибрат» театры қойылым арқылы жастарды өмір жолында кездесетін түрлі сынақтардан сүрінбей өтуге, дұрыс таңдау жасауға үндейді.