Мемлекеттік қызметтің болашақ көшбасшылары, яғни павлодарлық оқушылар спорттық спартакиадаға қатысып, мемлекеттік қызметтің қыр-сырымен танысты. Мектеп түлектері эстафеталардан өтіп қана қоймай, командамен жұмыс істеу, коммуникация құру сынды дағдыларды үйренді. Спартакиадада бірінші орынды Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп алды.
«Мемлекеттік қызметтің болашақ көшбасшылары». Дәл осындай атпен Павлодарда оқушылар арасында спорттық спартакиада ұйымдастырылды. Аталмыш бастаманы ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті көтерді. Аталмыш шара алғаш рет қолға алынып отыр.
Мадияр Әбілдин, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы
Бүгін мемлекеттің қызметтің болашақ көшбасшылары спартакиадасына қош келдіңіздер. Бүгінгі осы спорттық іс шара, департаменттің бастамасымен, спорт басқармасының қолдауымен іске асырылып жатыр.
Спартакиадада Павлодар қаласының Мұхтар Әуезов, Бауыржан Момышұлы, Торайғыров атындағы мектептері, сондай ақ, №21,27, 41,47 және Жетекші ауылының білім беру ошағының оқушылары қатысып, бақтарын сынады.
Айгүл Әлімбаева, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің павлодар облысы бойынша департаментінің бас маманы
Спартакиаданың незігі мақсаты – 11 сынып түлектерін арасында мемлекеттік қызметті насихаттау. Бұл қасиеттер мемлекеттік қызмет те де өте маңызды.
Қатысушылар «Командалық эстафета», тартылу, үстел теннисі, арқан тартудан жарысып, мемлекеттік қызмет негіздері бойынша интеллектуалдық сайысқа да қатысты.
Ергенмұрат Қуаныш, қатысушы
Біз командалық жарысқа қатысып, бір бірімізді сынадық. Сонымен қатар, көп нәрсе үйрендік. Мындай шаралар жастарға болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі.
Командалар спорттық дайындықтарын ғана емес, көшбасшылық қасиеттерін, ұйымшылдықтарын көрсетті. Жеңімпаздар алғыс хаттар, медальдармен, кубокпен марапатталды.
Самал Қалиқызы