Өңірде шыбын-шіркейге қарсы күреске дайындық басталды. Биыл дезинсекция жұмыстарының көлемі ұлғайып, жаңа тәсілдер енгізілмек. Өңірге жеткізілген алғашқы биопрепараттар партиясымен облыс әкімі Асайын Байханов танысты.
Өңірге «Бактицид» биопрепаратының 120 мың келі алғашқы партиясы жеткізілді. Қалған препараттар наурыз айының соңына дейін келеді. Биыл өңдеу аумағы 45 мың гектарға ұлғайып, 172 мың гектарға жетті.
Сағын Төлеутаев, Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы
Жалпы Асайын Қуандықұлы осы ағымдағы жылы 172 мың гектар аумақты өңдеуді жоспарлап отырмыз. Ол Павлодар қаласы, Ақсу қаласының қоймасы. Павлодар ауданы, Тереңкөл, Ақтоғай Ертіс және Железин аудандарында. Бұл территоряда 10 авиаборт шоғырланатын болады.
Дезинсекция жұмыстары әуелі үш қалада басталады. Одан кейін аудандар қамтылады. Әуеден өңдеу сәуірдің соңы мен мамыр айының басында өтеді. Қазіргі таңда мердігерлермен барлық қажетті келісімшарттар жасалған. Жалпы 448 әуе өңдеу рейсі жоспарланған.
Сағын Төлеутаев, Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы
Бұл авиацияны жоспар бойынша сәуір айының аяғында мамыр айының басында болады. Қазіргі мердігер қажетті келісім шарттар жасалған. Осы 172 мың гектарды қамту үшін 448 авиа өңдеу ұшатын болады. Осы ұшумен 172 мың гектарды қамтитын боламыз.
Сонымен қатар, өзен арқылы өңдеу көлемі де артқан. 3200 шақырымнан астам Ертіс өзені мен оның арналары қамтылады. 67 елді мекенде тосқауылдық өңдеу жүргізіледі. Биыл алғаш рет қолжетімділігі қиын аумақтарды өңдеу үшін 2 дрон ұшады.
Сағын Төлеутаев, Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы
Бұл дрондардың 100 кл 100 литрге дейін ауыр сыйымдылығы бар. Аяқ жетпейтін орман жерлерде бұл дрондар ұшады. Басты мақста тиімділікті арттыру.
Мамандардың айтуынша, қолданылатын барлық биопрепараттар экологиялық тұрғыдан қауіпсіз.
Әйгерім Тоқпанқызы