Естай атындағы мәдениет сарайы биыл да көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамы қарсаңында ерекше сән мен салтанатқа бөленді. «Ұлы даланың ұлттық киімдері» атты этностильдегі сән көрсетілімі көрерменге ұлттық мұраның жаңа тынысын паш етті. Бұл жолғы коллекция тағы төрт жаңа үлгімен толықтырылып, қазақы нақыштың көркем өрісі кеңейе түсті.
Көрсетілімге ұсынылған киімдер – бүгінгі заман жастарына арналған. Күнделікті киюге ыңғайлы болғанымен, әр туындының өң бойынан ұлттық рух есіп тұр. Қазақы ою-өрнекпен кестеленген көйлектер, сәнді желеткелер мен әсем бас киімдер – бәрі де өзіндік ерекшелігімен көз тартады. Әрбір тігіс, әрбір өрнек – ата-бабадан жеткен өнердің үнсіз шежіресіндей.
Сапар Шайхимов, Естай атындағы мәдениет сарайының басшысы
Наурызнаманың 10 күндігі аясында ұлттық киім күнін тойлап жатырмыз. Бүгін жасанды интелект жүргізушісін пайдалана отырып. 9 ұлттық коллекция болады қазіргі заманауи.
Сән сахнасында кішкентай бүлдіршіндерден бастап, орта буын мен аға толқын өкілдеріне дейін түрлі топқа арналған киімдер ұсынылды. Бұл – ұлттық киімнің уақытпен үндесіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғап келе жатқанын айқын аңғартты.
Дильназ Қуанышбекқызы