Көктемнің алғашқы күндері ауа-райы күрт құбылып, тосыннан толассыз қар жауып боран соғып көпшілікті әбірге салды. Автожолдар жабылып, жолаушылар жол үстінде қалды. Дәл осындай оқиғаға тап болған Павлодарлық азамат туыстарымен қоштасып, өлең жазып үлгерген. Қарлы далада аман қалған павлодарлықтың қоштасу өлеңі желіні дүр сілкіндірді.
Көмек күтер үміт үзілгендей айнала ақ қар, ұйытқыған боран, меңіреу тыныштық. Сол сәтте ол ішкі күйзелісін жырмен жеткізіп, туыстарымен қоштасқандай өлең жазып үлгерген. Бұл, бәлкім, оның соңғы сөзі болар ма еді. Алайда үміт сәулесі сөнбепті. Қараңғылық қойнауынан кенет жарық пайда болып, алыстан адамдардың қарасы көрініп, Ермұрат бар даусымен айғайлап, көмек сұрай бастаған.
Ермұрат Кенжеш, Павлодар қаласының тұрғыны
В жизни было Өмірімде түрлі жағдайлар болды, бірақ бұл ең қорқыныштысы еді. Көмек күтетін мүмкіндік болмады. Жел жан-жақтан соқты. Көліктен шыққанда, жел мені қағып кетті. Үйден шыққанда ауа райы жақсы болатын, ал боран Галкинадан асқан соң кенет басталды. Үмітімді үзген сәтте алыстан жарық көрінді. Айғайлай бастадым. Сол кезде екі азамат келіп, мені құтқарып алды.
«102» қызметіне жолда қалған көлік туралы хабар түскен. Жолаушының алты сағатқа жуық уақыт бойы қар құрсауында қалғаны анықталған. Хабар алған полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына жеткен.
Аманбол Гавиден, Шарбақты ауданының шалдай ауылының учаскелік инспекторы
Машинаны шығардық орнынан қазып, ол кісі тоңып қалыпты. Ол кезде сағат түңгі 12 лер шамасы болған. Ол кісі ауылға алып келіп келесі күні өз отбасына кетті. Күн суығында негізі 6-7 сағаттан артық негізі болмайды. Қалай хабарлама түсті біз солай бірден жолға шықтық. Арада бір сағат жарым болды.
Тәртіп сақшылары бұл әрекеттерін ерлік деп есептемейді. Олар үшін бұл – күнделікті қызмет пен азаматтық борыш.
Мұсабек Шинтаев, Шарбақты ауданы галкина ауылының учаскелік инспекторы
Эмоциясы қатты болды. Уайымдап қатты қорыққан ғой. Батырлық деп ойламаймыз. Біздің қызметіміз ол. Бізге арнап өлең шығарған.Оғанда рақмет.
Қарлы боранда жазылған қоштасу жыры көпшіліктің жүрегін елжіретіп, әлеуметтік желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Бұл оқиға табиғаттың тосын мінезі алдында адамның әлсіз екенін, ал дер кезінде көрсетілген көмектің баға жетпес құндылық екенін тағы бір дәлелдеді.
Дильназ Қуанышбекқызы