«Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығында оқушылар арасында дәстүрлі «Наурыз айтыс» өтті. Оған облыс мектептерінде білім алатын 14 ақын қатысты. Араларын аймақтық деңгейдегі айтыс сахнасына алғаш шыққандары да бар.

Айтыс өнерінің мектеп қабырғасынан бастап дамуына негіз болған айтыс жыл сайын өтіп келеді. Осындай айтыстардың арқасында осынау өнердің ең кіші буыны қалыптасып үлгерді.

Асығат Тұрғанбек, «Желдірме» ақындар мектебінің жетекшісі

Осы наурыз айтысында талай рет бақ сынап, осы сахнада шыңдалып, осы сахнада тұсауы кесіліп қазіргі үлкен аламан айтыстарда топ жарып жүрген азулы ақындарымыз осы айтыстан түлеген. Осы айтысқа жетекшеліріміз арнайы дайындықпен оқушыларын әкеліп отыр деп сенеміз.

14 ақынның ішінде оқушылар арасында көптеген жүлдені иелініп, айтыс әлемінде танылып үлгерген жастар да бар. Солардың бірі МЕйріжан Баршынбай.

Мейіржан Баршынбай, Ы. Алтынсарин атындағы мектеп гимназиясының 11-сынып оқушысы

Бүкіл жауапкершілікті сезініп келдік. Өйткені, жыл сайын жаңа жас ақындар келіп додаға қосылып жатыр. Балалардың аға буыны болу жауапкершілікті сезіндірді. Солардың көшін бастап келгеннен кейін бүгінгі айтысқа барымызды саламыз деп отырмыз.

Бұдан бөлек, үлкен сахнаға алғыш шыққан жүйріктер де бар. Алғашқы үлкен сахнадағы айтысқа айрықша дайындықпен келген. Алдағы талай сөз додаларында да топ жаруға дайын.

Алмас Манат, №38 ЖОББА мектебінің 5-сынып оқушысы

Облыстық оқушылар айтысына бірінші рет шығуым. Өзіме орын алып кетсеп деп тілеймін. Нұрбек Бәкір ағайыма рахмет айтамын. Сол кісі мені үйретті. Өзім ойлаймын жеңімпаз атанып немес бірінші орын да алып кетемін ба деп.

Айтыскерлер еңі кезең бойы айтысып, үздіктерді анықтайды.