Көктем келіп, мұз жібіді. Осындай мезгілде балықшыларға сақ болу керек. Мұз жарылып, балықшы сең үстінде қалып қйоса құтқарушылар қалай әрекет етеді? Тактикалық жаттығу барысын тілшіміз бақылады.
Жаттығу сценарийіне сәйкес балықшы сеңде қалып қойған. Құтқарушыларға хабарлама келіп түскен сәттен бастап, 2 минуттың ішінде аттанады. Жағада аэроқайық дайын. Соған мінеді де сеңде балықшыны құтқаруға асығады. Аэроқайықта үш адам: бірі көлік құралын басқарушы, екеуі құтқарушы. Бұл жолы бәрі сәтті аяқталды. Балықшы құтқарылды. Алайда, әркез бұлай бола бермейді. Жазатайым жағдайлар да болуы мүмкін.
Ертіс өзені бусанып, мұз жіби бастаған. Өткендегі дауылды бораннан соң жарықтар пайда болған. Бұндай жағдайда мұз үсті аса қауіпті. Сондықтан, балықшылар уақытша кәсіптерін тоқтата тұрғандары жөн дейді құтқарушылар.