Өңірімізде жастарды әскер қатарына қабылдау кезеңі басталды. Алғашқы күні облыстан 17 жас сарбаз Алматы қаласына жол тартты. Жалпы, биыл Павлодар облысы бойынша 1500 астам азамат әскер қатарына шақырылады. Соның ішінде 700-ден астамы көктемгі науқан аясында әскери бөлімдерге жіберіледі.

Шақырылушылар алдымен тұрғылықты жері бойынша медициналық тексерістен өтеді. Кейін әр сарбаздың қай әскери бөлімде қызмет ететіні анықталады. Айта кету керек, егіздерді бөлмеу қағидасы сақталады. Ал туыстар немесе достар бірге қызмет еткісі келсе, мүмкіндікке қарай бір бөлімге жіберіледі. Былтыр облыс жастарының басым бөлігі Абай облысы мен Өскемен қаласына аттанған.

Қуат Жақанов, Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары

Биыл 2026 жылы көктемгі және күзгі әскерге шақыру науқаны бойынша ҚР президентінің жарлығы шықты. Жарлыққа сәйкес қазір Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі аудан, қаладан медициналық куәләндіруден өтіп, осы облыстық жинақтау басқармасынан отан алдындағы борыштарын атқаруға қазір әскерге шақырушылар аттанып жатыр облыстан. Медициналық тексерістен алдымен аудандарынан өтеді. Одан кейін қорытынды осы басқармаға келіп, балаларды тағайындаймыз. Кім қай жаққа кететінін.

Бүгінде әскерге өз еркімен баруға ниетті жастардың саны артып келеді. Олар мұны азаматтық парыз ғана емес, нағыз өмір мектебі деп қабылдайды. Әскер қатарында шыңдалып, тәртіп пен жауапкершілікті меңгеруді мақсат еткен жастар Отан қорғауды абыройлы міндет санайды.

Мадияр Жұманбаев, әскерге шақырылушы

Өзім Май ауданынанмын. 22 жасымда неге кеш бара жатырмын. Себебі оқуымды енді аяқтадым. Жастарға айтарым әскерге бару керек. Өзім бара жатқан жағым Алматы қаласы. Медасмотрды өтіп жатырмын. Әскери борышымды өтеуге дайынмын.

Әскерге шақырылған жастар 12 ай бойы мерзімді әскери қызмет атқарады. Бұл уақыт аралығында олар әскери дайындықтан өтіп, түрлі мамандықтарды меңгереді. Сарбаздардың ата-аналары әскери бөлімдермен тұрақты байланыста болып, демалыс күндері кездесуге мүмкіндік алады.

Сабина Жолдаспаева