Павлодар облысында ветеринарлық ахуал тұрақты. Жыл басында бірқатар ірі қарада ауру белгілері байқалғанмен қазір жағдай тұрақталыпты.

Қазіргі уақытта төрт түлікті вакцинациялау шарасы жүріп жатыр. Жыл басынан бері облыс бойынша 11 бас малдың өлімі ресми тіркелген. Одағ өзге шығын қазіргі уақытта жоқ. Ал, кейбір аудан ауылдардағы малдың көтерем болып қалуы табиғи жағдайға байланысты болуы мүмкін дейді мамандар.