Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Май ауданында жұмыс сапарымен болды. Алдымен Көктөбе ауылында тұрғындар үшін аса қажетті бассеиннің ашылу салтанатына қатысты.
Бессеин әуелі ауыл тұрғындарына, әсіресе жастар мен балаларға қажет. Ауыл тұрғындарына қажетті нысандарды мейлінше көптеп салу қазіргі уақытта барша әкімдердің міндетіне айналды. Сол міндеттен туған мақсаттардың бірі осы еді.
Бассейн барлық қызметке дайын. Арнайы кабиналар жасақталған. Мамандар да іріктеліп жұмысқа кірісіп кетті. Балаларға ғана емес жалпы тұрғындарға қолжетімді жағдай жасалады деп жоспарлануда.
Бұдан соң Асайын Байханов Май ауданының эконмикалық-әлеуметтік даму мәселесіне арнап арнайы жиын өткізді. Инвесторлар бас қосықан жиында ауданның алдағы әлеуеті талқыланды. Аудан әкімінің айтуынша, ауыл шаруашылығына бөлек пайдалы қазабаларды игеру бағытына ден қойыла бастаған.
Ауданда былтыр 17,6 млрд теңгенің инвестициясы тартылыпты.Қазіргі уақытта құны 32 млрд теңге тұратын 6 ірі жоба жоспарланып отыр.