Наурыз мейрамы – жаңару мен жарасымның жарқын белгісі. Биыл бұл мереке №24 сәбилер балабақшасында ерекше ықыласпен аталып өтті. Көктемнің шуағындай мейірім төгілген шарада үлкен буын өкілдеріне құрмет көрсетіліп, ақ дастархан жайылып, ұлттық құндылықтар дәріптелді.
Мерекенің басты мұраты – ата-әжелердің басын қосып, оларға Наурыздың шынайы атмосферасын сыйлау еді. Бір шаңырақ астына жиналған көпшілік көпұлтты Қазақстанның бірлігін паш етіп, әр халықтың салт-дәстүрін таныстырды. Қонақжайлықтың көрінісі ретінде әр ұлт өз мәдениетін ортаға салып, өнерін көрсетіп, дастарханын ұсынды.
Айтжамал Шорманқызы, №24 сәбилер бала-бақшасының тәрбиешісі
Қазақстан көп ұлтты мемлекет сондықтан біз бүгінгі шарада бір шаңырақ астында көп ұлтты болып өмір сүріп жатқанын көрсеткіміз клееміз.Мысалы Европадан келген қонаққа әр ауыл ауыл болып салт-дәстүрімен таныстырып қонақ-жайлылығын көрсетеді. Үлкендеріміз батасын біріп әрі қарай шарамыз ойын-сауықпен аяқталады.
Шара барысында ұлттық ойындар ойналып, ән мен жыр шырқалды. Ақ жаулықты аналар мен ақсақалдар батасын беріп, жас ұрпаққа ізгі тілектерін арнады. Балабақша тәрбиеленушілері мен ата-аналар да белсенділік танытып, концерттік нөмірлерін ұсынып, мерекенің көркін қыздырды.
Қазигүл Батырханқызы, Павлодар облыстық «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары
Құрметті ұлытың ұлы күні күнмен түніміз теңеліп, жер анамыз кеңейіп, төрімізге құт береке келіп наурыз мейрамын тойлап жатырмыз. Осы №24 бала-бақшада блалаларымыз тәрбиеленіп жатыр. Сондықтан бүгінгі өтіп жатқан шараның маңызы ерекше. Дәміміз мол болып, әніміз сәніміз жарасып осындай үлкен осындай жаңа Қазақстанда өмір сүрсін деген тілектеміз.
Бұл күн – тек думан ғана емес, ұрпақтар сабақтастығын жалғаған тағылымды кездесу болды. Ақ дастархан басында айтылған әрбір тілек, шырқалған әрбір ән – жаңа Қазақстанның бірлігі мен берекесінің айқын көрінісіндей әсер қалдырды.
Дильназ Қуанышбекқызы