Павлодар технологиялық колледжінде академиялық ұтқырлық жобасы жүзеге асуда. Ол арқылы студенттер мен педагогтер шетелдік білім беру ұйымдарымен тәжірибе алмасып жатыр. Жоба тағы қандай мүмкіндіктер береді?
Павлодар технологиялық колледжі Косыгин атындағы Новосібір кооперативтік колледжімен бірлесіп академиялық мобильділік жобасын жүзеге асыруда. Екі білім беру ұйымы «тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша тәжірибе алмасып жатыр. Павлодарға арнайы сапармен келген Новосібір колледжінің өкілдері шеберлік сыныптар, теориялық, тәжірибелік сабақтарға қатысып, екі жақ бар білгендерін ортаға салды.
Берген Бейбітхан, Павлодар технологиялық колледжінің студенті
Ол бізге үлкен жетістік. Ол үлкен қуаныш. Біз де жібереміз. Олар да жібереді. Ол жақтың игеріп жатқан мамандығын біз , аламыз, біз жақтың игеріп жатқан мамандығын біз аламыз. Ол жақта жоқ заттар біз жақта бар, біз жақта жоқ заттар ол жақта бар. Қазіргі кезде Ресейге, Түркияға, одан кейін Қытайға да барамыз, ары қарай кете береміз деген ойдамыз.
Сондай-ақ, «Білім беру көкжиегін кеңейту: академиялық ұтқырлық бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау құралы» атты дөңгелек үстел де өтті. Оған колледж оқытушылары, студенттер, жұмыс берушілер және ресейлік қонақтар қатысты. Бұл білім беру көкжиегін кеңейтуге, Қазақстан мен Ресейдің білім беру ұйымдары арқылы әріптестікті нығайту, әлеуметтік серіктестікті дамыту, ең бастысы сұранысқа ие мамандықтарды дайындауда тәжірибе алмасу.
Самал Қалиқызы