Семей ядролық полигонынан зардап шеккен жандар үшін жақсы жаңалық. Енді осы санаттағы зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүреді. Павлодар қалалық мәслихаты бюджетті бекіту кезінде осындай шешім шығарды.

Павлодар қаласы бойынша 18 санаттағы азаматтар жеңілдікпен жүреді. Бұған дейін оның 17-сі тегін жүрсе. 18-ші санат, яғни, полигоннан зардап шеккендер 50 пайыз жеңілдікпен жүрегн. Биылдан бастап олар да толықтай тегін жүретін болды.