Сондай-ақ, наурызнама онкүндігі аясында Кенжекөл ауылында көкпардан жарыс өтті. Онда жергілікті көкпаршылар қатысып, салым салуға асықты.
Наурыз мерекесін тойлау аясында Кенжекөл ауылында осымен бірнеше жыл қатарынан, ұлттық спорт көкпарға көңіл бөлініп келеді. Әсіресе ауыл жастары делебені қоздырып, ат үстіне мініп, ұлттық спорттың дамуына үлес қосуда.
Медет Сансызбаев, Кенжекөл ауылының әкімі
Біз енді білесіздер Кенжекөл ауылында бірнеше жыл бойы ұлттық спортты насиахттау мақсатында көкпар өткіземіз. Жылына екі мезет, көктем күз айында. Өзімізде бір команда бар көкпар ойнайтын.қазір облыстық көкпарға дайындық мақсатында оқу жаттығу көкпарын өткізіп жатырмыз. Балаларға мотивация беру мақсатында, ауылымыздың жастары атқа қону үшін ұлттық ойынды насиахттап жүрміз.
Жарысқа ауылдың жастары мен ересектері қатысты. Үш команда өзара бақ таластырды. Ойын 2 таймнан тұрды. Жалпы, көкпар десе ішкен асын жерге қоятын қазақ жарысқа жылқыны ерекше таңдайды екен.
Самал Қалиқызы, тілші
Алдымен, көкпар атының жүрегі жақсы болуы керек. Жүрегі жақсы жігіт додаға қорықпай қосылып, тау тасты баспы өтеді. Екіншіден, икемді болуы керек. Үшініден ақылды болуы керек, көкпаршының тақымы арқылы маневр жасап,алға қарай жетелеу керек. Төртіншіден көкпар атының тұяғы берік қуатты болуы керек екен. Көкпаршылардың жылқы таңдағанда тұяғына мән бепі жатады.
Кенжекөл ауылының тұрғындары да елдімекенде Наурыз мейрамын тойлауға барынша атсалысты. Ұлттық өнер, ұлттық спортқа көңілдің бөлінуі жастар үшін маңызды деп отыр.
Асқар Нұрғалиев, Кенжекөл ауылының тұрғыны
Әр мейрам сайын осындай бізде ойын түрлері өтеді. Ертең наурыз мейрамын тойлаймыз. Бұл жаттығу түрінде өтіп жатыр. Жастар белсенді қандай спорт түріне болсын. Бізде дене шынықтыру сауықтыру кешені ашылған. Сонда бәрі қатысады, ол жағынан бізде тамаша спорттың қандай түрі болсын осында.
Алтай Дубайұлы, Кенжекөл ауылының тұрғыны
Наурыз мейрамы қарсаңында ауылымызда көкпар болып жатыр. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Наурыз мерекесі құтты болсын. Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын.
Айдос Құрманқалиұлы, Кенжекөл мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушы
ЕНді өздеріңіз бүгін куә болып отырсыздар. Наурыз мейрамы қарсаңында көкпар болып жатыр. Ең дүбірлі той 21 наурызда болады. Тағы ұлттық ойындар, мерекелік концерт болады.
Айта кетейік, ауылішілік көкпар жарысынан жеңген команда алдағы уақытта облыстық додаларда ауыл намысын қорғайтын болады. Сонымен, 1орын үшін 100 мың теңге, екінші орын үшін 50 мың теңгелік сыйақы табысталады.
Самал Қалиқызы