Павлодарлық балабақшалар наурыз мейрамын тойлауды жаслғастыруда. Мереке аясында тек той тойланбай, қайырымдылық жәрмеңкелері де ұйымдастырылуда.

Павлодарда наурыз мейрамының тойлануы 40 күнге жалғасты деуге болады. Күн жылып, жылғалардан су ағып, көк шыққан кезде №10 балабақшаның балалары, ата аналары, тәрбиешілері әз наурызды ауқымды атап өтті.

Маржангүл Жетпісқызы, Павлодар қаласы №10 балабақшаның басшысы

Бұның ішінде мерекелік шарада, ең әдемі киіз үй, ең әсем тағамдар деген сайыс ұйымдастырылып жатыр. Сонымен қатар, би де бар, ән де бар. Арт студия жұмыс істеп тұр. Мына жақта ұлттық ойындар ойналып жатыр. Келесі жағында жақсылық жәрмеңкесін көрдіңіздер. Бұны ата аналар ұйымдастырып жатыр. Жәрмеңкеден түскен қаражат экологиялық кабинет ашу жоспарымызда бар, сол ақшаны көмек ретінде беріп отыр.

Балабақша ата аналары өте белсенді. Тәрбиешілермен бірге кішкентайлардың ән-биін дайындап, дастархан әзірлеп, жан-жақты атсалысты.

Әсел Баданова, ата-ана

Менің бір балам мында келеді. осы балабақша ұжымына үлкен рахмет. Наурыз өте жақсы өтіп жатыр. Балалар, ата аналар демалып дегендей. Осындай жәрмеңке өтіп жатыр.

Ұлттық киіз үй тігіліп, қазан қойылып, палау пісіріліп, самауырдың шәйі таратылды. Балабақша тәрбиеленушілері сахналық қойылымға қатысып, ән-мен биден шашу шашты. Ұлттық ойындар ойнап жарысты.

Арай Бегаева, ата-ана

Бес баламның үшеуі осында келеді. Садик өте ұнайды. Ұйымшыл ұжымы. Наурыз мерекесі керемет дайындалып, жақсы өтуде. Өте жақсы көңіл күйдеміз.

Наурыз мейрамының тойлануы ел болашағы - осы кішкентай балалардың есінде мәңгі қалып, ұлттық кодқа айналады. Сондықтан ұлыстың ұлы күнінің кең ауқымда атап өтілуінің маңызы зор. Айта кетсек, №10 балабақшаға 360 тәрбиеленуші барады, 14 топ жұмыс жұмыс істейді.

Самал Қалиқызы