Павлодарда саяжай аумақтарының бірінде өрт шықты. Оқиға орнына бірден өрт сөндіру қызметінің мамандары жіберілді. Тілсіз жау көрші учаскелерге таралмай, дер кезінде тоқтатылды.
«101» пультіне «Здоровье» бау-бақшасында орналасқан ескі құрылыстың өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар келген сәтте өрт дөңгелек резеңкелерін, шатырдың ағаш бөліктерін және металл вагонды шарпыған. Өрт сөндірушілер жалынды жедел түрде ауыздықтап, жағдайды толық бақылауға алды. Мамандар өрт ошағынан екі газ баллонын дер кезінде шығарып үлгерген. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ. Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Сабина Жолдаспаева