Православтықтардың Пасха мерекесі биыл 11 сәуірден 12 сәуірге қараған түні басталады. Мейрам дін ұстанушыларды рухани тазаруға шақырады. Мереке күні діни қызметтен шыққандарды тегін қоғамдық көлік тасымалдайды. Толығырақ тілші сюжетінде.

Пасха – христиан дінінің ежелгі әрі ең маңызды мейрамы. Бұл күні православ сеніміндегілер шіркеуге барып, туған-туыстары мен жақындары үшін құдайға сыйынады.

Нұрлан Байбәкіров, Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы

Павлодар облысының аумағында қазіргі таңда 12 конфессия, 168 діни бірлестік жұмыс істейді. Оның ішінде 111-і мұсылманы мешіттері, 26 православ, 8 католик, 21 протестанттық ұйым бар. Православ діні біздің өңірде екінші орында. Көктемнің шуақты күндерімен бірге бізге Пасха да жетті. Барлықтарыңызды осы мерекемен құттықтаймын.

Діни қызмет 11 сәуірден 12-ші сәуірге қараған түні өтеді. Ол отбасылық дастархан басындағы кештермен жалғасады.

Протоиерей Алексей, Павлодар және Екібастұз епархиясы епархиялық басқармасының хатшысы

Биыл пасха 12 сәуірде болады. Бұл күні барлық өңірдік шіркеулерде Құдайға сыйыну, мінәжат жасау болады. Канондық ережелерге сәйкес түн жарымында басталады. Осы күні шіркеуге келушілер көп болады деп сенеміз. Жалпы пасханы тойлау 40 күнге созылады.

Шіркеулерден діни қызметтен шыққандарды жылдағыдай қоғамдық көліктер тасымалдайтын болады.

Самал Қалиқызы