«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында полиция қызметкерлері арасында бокстан облыстық чемпионат өтті. Турнир алдағы республикалық жарысқа қатысатын үздік спортшыларды іріктеуге бағытталды. Жарысқа облыстың әр өңірінен келген полиция қызметкерлері қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Полиция қызметкерлері арасында бокстан чемпионат алғаш рет ұйымдастырылды. 45 қызметкер бақ сынап, әрқайсысы өз бөлімінің намысын қорғады. Жарыс сегіз салмақ дәрежесі бойынша өтті. Мұндай турнир қызметкерлердің физикалық төзімділігін арттырып, олардың тәртіпке, жауапкершілікке деген көзқарасын нығайта түседі.

Асылхан Төлеубаев, Павлодар облысы полиция департаментінің арнайы және кәсіби даярлық басқармасының аға инспекторы

Бұл жарыстың өткізу себебіміз маусым айында Қарағанды қаласында ІІМ арасында республикалық жарыс өтеді. Соған іріктеу бұл. Қазір салмақ дәрежелері бойынша 60-74-80-90нан жоғары арасында өтіп жатыр. Жарысқа қатысушыларға тілейтінім тек сәттілік. Тек жеңіске жетсін. Жеңімпаздар Павлодар облысының атағын жақсы қорғап келсін ел чемпионатында.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан спортшылар алдағы республикалық чемпионатта облыс намысын қорғайды.

Сабина Жолдаспаева