Павлодар облысында «Мал ұрлығына жол жоқ» жедел-алдын алу шарасы өтуде. 2-сәуір күні басталған шара, 10-сәуірге дейін жалғаспақ. Акцияға белсенді ат салысып жатқан өңірлердің бірі Ақсу ауылдық аймағы. Онда түліктерді түгендеу және жұртшылыққа түсіндіру шаралар жүргізілуде.

Алғабас ауылында төрт түлікті сырғалау жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Бұл да төрт түліктің заңсыз айналымын алдын-алуға бағытталған шаралардың бірі. Учаскелік полиция мен ветеринария мамандары бірлесіп, осылайша түліктердің санағын жүргізуде.

Бұдан бөлек, жұртшылыққа, мал иелері мен бақташыларға түсіндіру шаралары жүргізілуде. Түсіндіру аясында жануарлар иесіз қалса жол апатын тудыруы немесе немесе ұрыларға қолды болуы мүмкін екендігі айтылады.

Ақсу ауылдық аймағындағы ауылдардың барлығы дерлік маңызды жолдардың бойында орналасқан. Сондықтан, мал жайылымында қиындықтар бар. Полиция қызметкерлері түлік иелеріне әркез сақ болу керектігін жиі ескертеді.

Азамат Шоланов, Ақсу қалалық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі бастығының орынбасары

Міне, өздеріңіз көріп отырсыздар. Қаарусыз жүрген малдар. ӘҚБК 408-бабына сәйкес хаттама толытырлады мал иелеріне. Жергілікті полиция учаске инспекторлары осындай шаралар атқарып отырады жүйелі түрде. Жолдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында. Сонымен қатар, айыппұл тұрағы бар малдарға арналған, қамауға алынады.

Полиця қызметінің үздіксіз түсіндіру жұмысының нәтижесінде барлық қауіпсіздікті қамтмасыз еткен мал иелері де бар. Қаракөл ауылындағы «Асан» ШҚ түліктерге JPS орнатып, қора-жайға тіпті, жайылымдарға дейін камера орната бастаған.

Сонымен қатар, ШҚ малды кешкі уақытта жолдан өткізу кезіндегі ерекше көмекші құралды да пайдалануда.

Полиция қызметкерлері малдың жоғалмауына және жол бойына шығып кетіп, апат тудырмайына әркез иелері жауапты екендігін айтады.