Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бастамасымен өңір тұрғындары үшін «Қызмет алушылар күні» өтті. шарағ бірқатар басқармалар қатысып, тұрғындарға кеңес берді.
Аталған іс-шараға білім беру, денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, жер қатынастары, сәулет, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон салаларының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мамандары да тұрғындарға кеңес берді.
EgovKzBot Telegram платформасы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын арттырып қана қоймай, азаматтардың мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді.
Мөлдір Құлмағамбетова, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет агентігінің департаментінің бас маманы
Көбінесе түскен шағымдардың көбі көлік куәлігін алу, көп балалы аналардың жәрдем ақысын алу бойынша өтініштер келіп түскен болатын.
Іс-шара барысында тұрғын үй мәселелері де назардан тыс қалмады. «Отбасы банк» кеңесшілері азаматтарға баспана кезегіне тұру және мемлекеттік бағдарламаларға қатысу жолдарын түсіндірді.
Айта кетейік, шара барысында ондаған азаматқа нақты көмек көрсетіліп, құқықтық кеңестер берілді.
Дильназ Қуанышбекқызы