Павлодар облысында 130-дан астам құқық кабинеттері жұмыс жасап тұр. Бұл кабинеттер азаматтарға тегін заң көмегін көрсетіп, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Толығырақ тілші сюжетінде.

Кенжекөл ауылы Павлодар қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан. Халық саны 9 мыңнан асады. Осы азаматтарға заңгерлік көмек көрсету мақсатында бірнеше жыл бойы құқық кабинеті жұмыс жасап келеді. Кезекті көмекті алуға Ақжарқын Қанатбекқызы да келіпті.

Ақжарқын Шахманова, Кенжекөл ауылының тұрғыны

Енді справка керек кезде кезекке тұрып қажеті жоқ, қалаға барып керегі жоқ. Өте тиімді жақсы. Өте қажет бізге ауылға, ауыл адамдарына, қалаға барып керегі жоқ үлкен адамдарға әкімдікке келіп көмек алуға болады.

Кенжекөлдегі «Құқық кабинеті» азаматтарға ыңғайлы болу үшін әкімдіктің бірінші қабатында орналасты. Жыл басынан бұл кабинетке 50-ге жуық азамат келіп, мемлекеттік қызмет алыпты. Құқықтық көмекке жүгінушілер көбінесе еңбек, отбасы, тұрғын үй, әкімшілік заңнамалар және түрлі анықтамалар бойынша келеді екен.

Сәния Әбеуова, Кенжекөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Әрбір адам, әрбір тұрғын компьютер арқылы қажетті мемлекеттік қызметті алуға болады. Егер қандай да бір қиындық туындап жатса біздің мамандар көмектеседі. Тұрғындар көбінесе ЭЦқ, әртүрлі анықтамалар алуға, заңдармен, кодекстермен танысуға осында жүгінеді.

Кабинетте тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтары бойынша кеңес алып, құжаттарды дұрыс рәсімдеуді үйренеді. Ең маңыздысы, өз құқықтары мен міндеттерін біліп жүреді.

Самал Қалиқызы, тілші

Еліміздің әрбір азаматы өзінің құқығын білу керек. Осы мақсатта еліміздің ауыл аймақтарда, елдімекендерде құқық кабинеттері жұмыс жасап тұр. Негізгі мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Комппьютер арқылы кез келген Ашық порталы, Әділет, егов, еөтініш кіріп заңдармен, кодекстермен таныса алады. Анықтамалар ала алады. айта кетейік, қазір өңірде осындай 130-дан астам құқық кабинеттері, бұрыштары жұмыс жасап тұр.

Құқық кабинеттерінде кеңестер тегін беріледі.

Самал Қалиқызы