Павлодарлық оқушылар экологиялық мәдениетті болу жолын таңдайды. Олар экологиялық таза заттарды пайдаланып, қоршаған ортаға зиян тигізбейтіндей түрлі акцияларға қатысады. Кезекті шаралардың бірі – Малайсары атындағы мектепте өтті. Акцияның мәні мен маңызы алдағы материалымызда.
«Адал азамат» бағдарламасы аясында Малайсары атындағы қалалық мектепте 7 сынып оқушыларын қамтитын «Эко мәдениет біздің таңдау» атты шара өтті. Курстық іс шараға осы аумақтағы 27 мектеп, 5 мектеп және Нұртазин атындағы білім беру ұйымдарынан 100 оқушы қатысты.
Жанар Зилкенова, Малайсары атындағы ЖОББ мектебі директорының орынбасары
Мақсаты білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, осы ресурстарды үнемдеу және оларды өмір салтына ұстануға бейімдеу. Бүгін фестиваль барысында оқушылар өздерінің білімдерін көрсетіп шектелмейді, шығармашылық қабілеттерін де көрсетеді. Жалпы бұл табиғатты қорғауға арнлағна іс шара.
Эко шарада алдымен командалар өздерін таныстырады. Әділ қазы алқалары алдында өз жұмыстарын, жобаларын қорғады. Викториналық сұрақтарға жауап берді. Жалпы бір командада 5 қатысушыдан болды.
Жансая Мүбәрак, Малайсары атындағы ЖОББ мектебінің оқушысы
Композицияда жерді қорғауды білдіреді. Шардың ішіндегі гүл жаңарудың символы. Жұмыс тұрмыстық қалдықтардан жасалған. Оларға жаңа өмір беруге болатынын көрсеттік.
Экологиялық мәдениетті азаматтарға ерте жастан айтып, бойына сіңірген абзал. Олар қоршаған ортаның адам баласы үшін қаншалықты маңызды екенін осы жастан ақ түсінгені жөн. Себебі адам да өзгелер сияқты осы ғаламшардың мүшесі және өзгелерге зиянын тигізбеу керек.
Самал Қалиқызы