Атығай ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді
Сондай-ақ, Екібастұз ауылдық аймағы Атығай ауылында су жаңа мектеп салтанатты түрде ашылды. «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС-нің тікелей демеушілігімен салынған білім ордасында 120 бала білім алады. Компания мектеп құрылысы мен материалдық- техникалық базасының заманауи мүмкіндіктерге қол жеткізуі үшін 1 млрд 486 млн теңге жұмсаған.
Ауылда бұрын мектеп болмаған. Балалар ескі балабақшада екі ауысыммен оқып жүрген. Ауылдықтарды қуанышымен құттықтауға облыс әкімі арнайы келді.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Балалар жаңа нысанда жаңа жетістіктерге жетеді деп үміттенеміз. Осы білім ордасының, білім шаңырағының ішінен білімді, білікті, мемлекетемізідің сауатты азаматтары шығады деп сенемін. Жаңа нысан өзінің игілігімен, берекесімен жұмыс істесін. Сіздерге, сабырлықпен күткендеріңіз үшін алғыс білдіремін.
Ресми құттықтаудан соң бас демеуші «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС-нің басшысы мектеп директорына білім ордласының кілтін табыстады. Артынша баршасы салтанатты түрде лентаны қиды.
Мектеп ғимараты заманауи оқу кабинеттерімен толық қамтылды. Спорттық және қосымша білім беру алаңдары да қолжетімді. Физика, химия, биология және информатика кабинеттері, STEM-зертханасы, лингвофонды-мультимедиялық кабинет, мәжіліс, хореография залы, заманауи асхана бәрі талапқа сай. Осындай мүмкіндіктердің арқасында жаңа оқу жылдан бастап күрес, үстел теннисі, хореография, шахмат, домбыра, вокал және мәнерлеп оқу секциялары жұмыс істейтін болады.
Ақбота Мәнеш, Атығай ауылдық ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Материалдық-техникалық базасы толық қамтылған. Өте керемет. Ашық әрі жарық. Оқушыларға да, ұстаздарға да жайлы болады деп сенеміз. Бұл шәкірттердің немесе мұғалімдердің ғана емес, бүкіл ауылдың қуанышы деп білемін.
Жаңа білім ордасы алдымен оқушыларды ерекше әсерге бөлеп, қуантты.
Маралым Мединеқызы, Атығай ауылдық ЖОББ мектебінің оқушысы
Жаңа-жаңа технологиялар қойылған. Әр зат кәдімгі арнайылап жасалған. Өте қуаныштымыз. Жарық әрі ашық. Бұл мектепті жақсы бітірімез деген ойдамыз.
«KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС бұған дейін де Екібастұздағы теміржол станциясы сияқты көптеген жобаларға ат салысқан. Ал, балаларға жасалып жатқан бұл қамқорлыққа қатысқандарына қуанышты екендіктерін жеткізді.
Джонатан Рао, «Kaz Minerals Bozshakol» ЖШС директоры
Біз Павлодар облысында орналасқан компания болғандықтан өңірдегі осындай аса маңызды жобаларға қатысу маңызды болып табылады. Инвестициямыздың білім беру, денсаулық сақтау сияқты маңызды салаларға салынып жатқаны қуантады. Біз әркез облыс тұрғындарына не қажет екендігін зерттеп, қандай жобаларды іске асыру керектішімізді сараптап отырамыз. Алдағы уақытта да көптеген жақсы жоспарларымыз бар.
Атығай мектебінің аумсығ 1500 шаршы метр. 28 ұстаз енді жаңа мектепте, шалқар шабытпен сабақ бере бастайды.