Негізгі Жаңалықтар «Miss & Mister» сұлулық байқауы

«Miss & Mister» сұлулық байқауы

Жастар бастамаларын дамыту орталығында ерекше қажеттілігі бар жастар арасында сұлулық байқауы өтті. Іс-шараның барысы жөнінде толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.


Бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан байқау ерекше қажеттіліктері бар жастардың қоғам өміріне белсенді араласып, шығармашылық қабілетін шыңдауға жол ашады. Игі бастаманы «Ритм РК» қоғамдық бірлестігі мен «Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтудың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесі бірлесіп ұйымдастырды.

Ирина Тургенева, «Ритм РК» ҚБ өкілі

«Сегодня в Павлодаре проходит необычный конкурс красоты... Бүгін Павлодарда бірегей сұлулық байқауы — «Мисс және мистер» өтіп жатыр. Қатысушылар сұлулықта шектек жоқ екенін көрсетуде. Дегенмен, іс-шараның негізгі мазмұны сыртқы келбетті көрсету ғана емес, бастысы — армандай білетін, өмірдің кез келген қиындығына төтеп бере алатын, өздеріне сенімі мол жандарды қолдау. Бірінші байқау — дефиле, онда жастар әділқазылар алқасының алдынан өтіп, өздерін көрсетеді. Екінші байқау — шығармашылық сайыс, бұл кезеңде қатысушылар ән айтып, би билейді немесе үйде ата-аналарымен бірге әзірлеген қолөнер бұйымдарын әкеледі. Үшінші байқау — ұлттық киімдер сайысы, мұнда олар ұлттық киім киіп, қайтадан сән көрсетіліміне шығады.» 

Биылғы сайысқа 14 пен 35 жас аралығындағы 25 қатысушы жиналды. Олардың қатарында бәсекеге бірнеше рет қатысып тәжірибе жинақтаған 34 жастағы Лаура Нұрмұқанова да бар. Ол бұл жолы да өз өнерін ортаға салып, бағын сынауды жөн көрді.

Лаура Нұрмұқанова, байқау қатысушысы

«Сән көрсетемін, өзімді де көрсетуге тырысамын, ән айтамын. Қыздар, қыздар» деген әнді дайындадым. Өзімді ашуға, басқа балалармен бірге болуға шешім қабылдадым.» 01.12

Бұл байқауда ешбір қатысушы назардан тыс қалмай, барлығы да лайықты түрде лауреат атанды. Әрбір өнер көрсеткен жас арнайы марапатқа ие болып, өз жеңісін тойлады.


Жұлдыз Қабылденова



Бөлісу

Аймақтық телеарналар