Негізгі Жаңалықтар Көмір кенішінде 45 жыл

Көмір кенішінде 45 жыл

Елімізде тамыз айының соңғы жексенбісінде Шахтер күні атап өтіледі. Осыған орай өңірдің көмір өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосқан Қаңлыбай Үмбеталиев туралы арнайы сюжет әзірледік. Ол өзінің 45 жылдық еңбек жолын Екібастұздағы «Богатырь көмір» кенішіне арнаған. Талай жылын өндірісте өткізіп, көмір саласының дамуына өзіндік үлесін қосқан ардагердің еңбек жолы – кейінгі буынға үлгі.   


Қаңлыбай Төлеутайұлы — Жамбыл облысы, Жуалы ауданының тумасы. Әскер қатарына аттанғанға дейін ауылдағы түрлі жұмыстарға кірісіп, еңбекке ерте араласқан. 1979 жылы нағашы ағасын іздеп Екібастұзға келген Қаңлыбай Төлеутайұлы осы қалада тұрақтап, еңбек жолын кен өндірісімен байланыстырды.   

Ағамыз бас кезден ақ эксковаторда жұмыс істегісі келген. Сол мақсатқа жету үшін Екібастұздағы техникумда курс оқып алып, бірден жұмысқа араласқан. 

Қаңлыбай ағамыз қазір Екібастұздағы «Богатырь көмір» кеншінің ардагері. Саналы өмірін кеніштегі ең аңызға айналған, талай еңбек рекордтарын орнатқан №5 роторлы экскаватор экипажының құрамында өткізген. 

Ардагер ағамыз зейнеткерлікке шыққанымен, өзі 45 жыл еңбек еткен «Богатырь көмір» кенішінен қол үзген жоқ. Қазір өндірістегі оқыту комбинатында жастарға дәріс беріп, мол тәжірибесімен бөлісіп келеді. 

Ширек ғасырға жуық уақыт бойы өндірісте табанды еңбек еткен Қаңлыбай Төлеутайұлының еңбегі елеусіз қалған жоқ. Көп жылдық қажырлы еңбегі үшін оған «Құрмет» ордені табысталды. Сонымен қатар ардагер кенші «Шахтер даңқы» орденінің үш дәрежесімен және «Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері» атағымен марапатталған. 



Самал Қалиқызы



Бөлісу

Аймақтық телеарналар