Облыс орталығында бос орындар жәрмеңкесі өтті
Облыс тұрғындары өзіне ұнайтын әрі талаптарына сай жұмыс іздеуге мүмкіндік алды. Өңірде Еңбек күніне орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Оған өнеркәсіп орындарынан бастап мемлекеттік мекемелерге дейін ондаған жұмыс беруші қатысты. Қазір қандай мамандарға сұраныс жоғары? Жұмыс іздеушілерге қандай жағдай ұсынылуда?
Сандуғаш Сүлейменова үшін бұл – бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне екінші рет қатысуы. Алғаш келгенде өзіне лайықты ұсыныс таба алмаған. Бүгін ол тағы да бағын сынап, көңілінен шыққан екі жұмыс орнын таңдаған.
Сандуғаш Сүлейменова, Павлодар қаласының тұрғыны АУДАРМА!////0308//// Екінші рет келіп тұрмын. Бірінші рет келгенде ештеңе ұнамады. Ал бұл жолы ұсыныстардың бәрі көңілімнен шығып тұр. Қазір көп адамның, әсіресе біздің жастағы адамдардың тұрақты жұмысы жоқ. 50 жастан асқан адамдарды жұмысқа ала бермейді. Ал мұнда жас ерекшелігіне қарамастан жұмыс ұсынып жатыр. Жалақысы да көңілге қонымды. Маған осы ұнады, жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар.
Жұмыс берушілермен тікелей сөйлесіп, ұсыныстармен танысу мүмкіндігі жастар үшін де маңызды. Студенттер үшін мұндай жәрмеңке – алғашқы жұмыс орнын тауып, оқуын аяқтамай тұрып тәжірибе жинаудың бір жолы. Себебі оқу бітірген соң көптеген жас маманнан жұмыс берушілер ең алдымен еңбек өтілін талап етеді.
Елизавета Мусалимова, Павлодар қаласының тұрғыны
Мен жәрмеңкеге бірінші рет келіп тұрмын. Өз мамандығым бойынша жұмыс іздеп жүрмін. Мен үшін ең бастысы – жұмыс кестесі. Кем дегенде 2/2 болғанын қалаймын, себебі 5/2 кестесі маған қолайсыз. Жұмыс жағдайы жақсы болып, жалақысы да лайықты болса деймін.
Бүгінгі жәрмеңкеде 57 жұмыс беруші 300-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынды. Оған 500-ден астам жұмыс іздеуші қатысты. Бұл – жыл басынан бері өңірде ұйымдастырылған төртінші облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі.
Әнуар Шаймерденов, Павлодар облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы басшысының М.А
Бүгін облысымызда Еңбек күніне орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр. Іс-шараға 50-ден астам жұмыс беруші шақырылды. Қазіргі уақытта жәрмеңкеге 47 жұмыс беруші қатысып отыр.
Жәрмеңкеде полиция қызметіне қатысты бос жұмыс орындары да ұсынылды. Мұнда заңгерлік білімі бар, сондай-ақ орта білімі бар азаматтарға да мүмкіндік қарастырылған. Біреулер үшін бұл жәрмеңке – алғашқы жұмыс орнына жол ашса, енді біреулер үшін мамандығын ауыстырып, өзіне қолайлы еңбек жағдайын табуға мүмкіндік.
Сабина Жолдаспаева