Егінді ертісте орақ науқаны қызу
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ертіс ауданына барды. Астықты ауданда орақ науқаны қалай жүріп жатқанын тексерді.
Ертіс ауданы облыстың негізгі астықты өңірлерінің бірі саналады. Биыл мұндағы егіс алқабының көлемі 324,6 мың га құрады. Оның ішінде дәнді дақылдардың шамамен 70% жиналды.
Өңір басшысы диқандарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау жалғаса беретінін атап өтті. Бүгінде басты міндет - егін жинау науқанын толық көлемде әрі оңтайлы мерзімде аяқтап, жиналған өнімнің сақталуын қамтамасыз ету және өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін одан әрі дамыту үшін берік негіз қалыптастыру. Соңғы жылдары облыс егістік алқаптарын әртараптандыруға ден қойды. Осылайша майлы дақылдарды басымдық бере бастады.
Ертіс ауданы егісті алқап қана атаны қана қоймай, сапасын көтеруге де көп күш жұмсауда.
Өнімділік былтырғыдан кем болмайды. Кейбір шаруашылықтарда төмендеу байқалғанымен жалпы көрсеткішке әсер етпейді.