Негізгі Жаңалықтар Екібастұз жылыту маусымына дайын ба?

Екібастұз жылыту маусымына дайын ба?

Екібастұз қаласы 2026-2027 жылғы жылыту маусымына дайын ба? Жылу станциялары мен магистральдарда жасалған жұмыстар аяқталды ма? Облыс әкімі барып тексерді. Толығырақ тілші сюжетінде. 


Облыс басшысы Асайын Байханов жұмыс сапарымен Екібастұзға барды. Алдымен, жылыту станциясының жылу беру маусымына дайындығын тексерді. 

Айдарбек Қыстаубаев, «Energy solutions center» ЖШС бас директоры 

12-14 қазандықтар өткізілді. Қалған қазандықтар мен котлоагрегаттар ағымдағы жөндеуден өткізілді. Бүгінгі күні 10 қазандықтың 8-і толығымен жөндеуден өткізілді. 14-ші қазандық 7 қыркүйекте тәмамдаймыз. Қазіргі уақытта опероссовка жүргізіп жатырмыз. Бәрі жақсы, изоляцияны жауып, қыркүйектің 7-сіне дейін аяқтаймыз. Келесі кезекте бізде 15-ші қазанды. Көмірдің қоры станцияда 32 мың тонна. мазуттың қоры1600 тонна. Биылғы жөндеу жұмыстарының нәтижесінде тозудың мөлшері 45 пайызға төмендейді жылдың аяғында. 

Осы ретте өңір басшысы жылыту маусымына әзірлік барысы облыс деңгейінде бақылауда екенін жеткізді. 

Айдарбек Қыстаубаев, «Energy solutions center» ЖШС бас директоры 

Алдымен екі бу қазандықпен кіреміз. 5-6 шымен кіреміз. Ары қарай судың шығыны өскен сайын су қыздыратын қазандықтарға көшеміз. 

Бұдан бөлек, аймақ басшысына Екібастұз қаласындағы жаңғыртылған жылу магистральдарының қазіргі жағдайы таныстырылды. 

Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі

Қазіргі уақытта біз №11 жылу магистарлінде тұрмыз. Мында №8, №5 және №11 магистарльдарды қосау жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстарды бүгін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. №10 магистарль бойынша жұмыстар аяқталды, тазаланып, тығыздалып қолданысқа берілді. №16 магистраль бойынша да қажетті шаралар аяқталды. 

Сонымен, қыркүйек айының екінші жартысында өңірдегі әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастайды. Екібастұз қаласы әкімінің сөзінше, кеншілер шаһары алдағы қысқы маусымға дайын. Жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп, негізгі магистральдар жаңартылды. Енді басты міндет – жылу беру маусымын штаттық режимде өткізіп, тұрғындарды тұрақты жылумен қамтамасыз ету. 


Самал Қалиқызы 



Бөлісу

Аймақтық телеарналар