Негізгі Жаңалықтар Спорт маусымы қорытындыланды

Спорт маусымы қорытындыланды

Ақсу қаласында биылғы жылғы спорт маусымы қорытындыланды. Жыл бойы түрлі деңгейдегі жарыстарда бақ сынап, жүлделі орындардан көрінген спортшыларға құрмет көрсетіліп, ақшалай сыйлықтармен марапатталды . Шара барысы тілші әңгімесінде.


Биыл Ақсу спортшылары үшін жемісті жыл болды. Олар облыстық, республикалық және халықаралық додаларда бақ сынап, өз шеберліктерін шыңдады. Әр жеңістің артында тынымсыз жаттығу, тәртіп пен жаттықтырушылардың еңбегі тұр. Сол еңбектің нәтижесі бағаланып, үздік спортшылар марапаттарға ие болды. 

Спортшылар үшін мұндай марапаттың маңызы зор. Себебі бұл – өткен маусымдағы еңбектің бағасы ғана емес, алдағы жарыстарға берілген үлкен мотивация деп айқындады. 

Нұрсұлтан Ақылбекұлы, спортшы 

Жалпы Ақсу қаласы кез келген өңірде спортшыларды жақсы қолдайды. Осылай спортшыларды қолдау өте маңызды. Өйткені олар өз еңбектерінің нәтижесін көқрлері керек. Жне олардан кейінгі жастарға да мотивая болады. Және жоғары деңгейде өткізіліп жатыр. Биыл енді облыстық спартакиаданы алатын болсақ, былтырғыдан нәтиже жақсы. Жоғары деңгей. Өзім біраз уақыттан бері қол күресі гир көтеру спортымен айналысамын. Ақсу қаласының тумасымын. Жалпы біраз спорттық байқауларға қатысып жүлдегер атанып жүрмін. 

Пара және бейімдік спорт өкілдері де маусымды нәтижелі аяқтады. Ақсу құрамасы облыстық спартакиадада жүлделі орыннан көрінді.

Марапатталғандардың қатарында жас спортшылар да бар. Солардың бірі – тоғызқұмалақтан жарыстарға тұрақты қатысып жүрген бүлдіршіндер. Ұлттық ойынды меңгерген жас спортшылар республикалық деңгейдегі додаларда жүлде алып жүр. 

Азим Ахметов, тоғызқұмалақ ойыншысы

Мен тоғызқұмалаққа төрт жыл қатысамын, мен астанада болған кезде 3ші орын алдым, шымкентте бірінші орын алдым. 

Аяулым Балғабаева, тоғызқұмалақ ойыншысы

Мен екі жыл тоғызқұмалаққа қатысамын. Мен кмс болғаныма өте қуаныштымын. Ол математикалық ойын, миды жақсы дамытады. Мен чемпион боламын.

Бүгінгі күні спортшылардың еңбегі ел алдында еленіп, лайықты марапатқа ие болса, ендігі олардың мақсаты жаңа маусымда да Ақсу қаласының намысын қорғау


Салтанат Бауыржанқызы



Бөлісу

Аймақтық телеарналар