Негізгі Жаңалықтар «38. Соңғы нүкте»: Семей орманындағы қасірет пен ерлік жаңа фильмге арқау болды

«38. Соңғы нүкте»: Семей орманындағы қасірет пен ерлік жаңа фильмге арқау болды

2023 жылы Семей орманында орын алған алапат өрт — еліміздің жадында мәңгі қалар ең ауыр табиғи апаттардың бірі. Сол бір жалынмен арпалыс кезінде ерлік көрсеткен қарапайым орман қызметкерлерінің өр рухы мен тағдыры енді жаңа көркем фильмге арқау болып отыр. Толығырақ әріптесім тарқатсын.


«38. Соңғы нүкте» атты туынды Семей орманындағы орны толмас қасіретті арқау етеді. Бұл кинокартина алапат өрттің ортасында қалған орманшылардың басынан өткен ауыр сынақтар арқылы адам өмірі, отбасы мен достық, парыз бен ерлік ұғымдарын терең толғайды. 

Сюжет желісі бойынша күнделікті қызметін атқарып жүрген орман қызметкерлері күтпеген жерден тұтанған өрт құрсауында қалады. Алапат өртпен күрес үстінде кейіпкерлер табиғаттың жойқын күшімен ғана емес, өз ішкі арпалыстарымен бетпе-бет келеді.

Бір¬-ақ сәтте ушығып, бақылауға көнбеген өрттің шығу себебі мен өмір мен өлімнің ортасында қабылданған шешімдер фильмнің басты интригасын құрайды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен дайындалған туынды қызметтік борышын өтеу жолында жанын қиған барлық батыр орманшындың рухына арналады. Фильм 2026 жылдың 3 қыргүйегі үлкен экранға жол тартады.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар